Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2469 0 пікір 19 Қазан, 2010 сағат 11:12

Жамбыл облысының прокуратурасы ауыл шаурашылық жобаларына субсидия беруде бұзушылықтар болғанын анықтады

Тараз. 19 қазан. ҚазТАГ – Жамбыл облысында ауыл шаурашылық жобаларына субсидия беруде көптеген заң бұзушылықтары болғаны анықталды. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуроры Бағбан Таимбетов мәлім етті.

«Кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғауға бағытталған заңдарды сақтау жөніндегі прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде жергілікті бюджеттен облыстың ауыл шаруашылығын қолдауға деп бөлінген Т166,5 млн мөлшеріндегі қаражатты игеру небәрі Т11 млн немес 7 %болған», - деді ол.

Облыс прокуроры ауыл шаруашылығына деп субсидия бөлудегі бұзушылықтар туралы айтып берді.

Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б. Саниязовтың төрағалығындағы ведомствоаралық комиссиясы «Қанағат» шаруа қожалығының (ш/қ) 1972,6 га майлы дақылы мен 204 га арпа егістігін қабылдаған. Бірақ, Б. Таимбетов атап өткендей, 1 мың гектар майлы дақыл себілмеген, соның нәтижесінде аталған шаруашылық заңсыз Т2,5 млн мөлшеріндегі субсидияны алған.

Басқа жағдайда шаруа қожалықтарына қаржының жоқтығын сылтауратып субсидия беруден бас тартылған, дейді облыс прокуроры.

Мысалы, Жуалы ауданы ауыл шаруашылық бөлімі «Мерсейт» ш/қ-ның 16 гектарға көп жылдық шөп егуге  деп жасаған өтініші қаражат жоқ деген сылтаумен қанағаттандырылмаған.  Осы сияқты он шаруа қожалықтарының өтініштері заңсыз қанағаттандырылмаған, деді Б. Таимбетов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5492