Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2027 0 пікір 20 Қазан, 2010 сағат 07:46

2011 жылдан бастап Қазақстан салық комитеті Италиядан сол елдегі қазақстандықтардың активтері туралы мәліметтер алып тұратын болaды

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Арсен Бектасов. 2011-ші жылдан бастап ҚР қаржы министрлігінің салық комитеті Қазақстан азаматтарының Италияда сатып алған активтері туралы барлық ақпараттарды алып отыратын болады, деп ҚР салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті.

«26-шы қазанда мен мәліметтерді беру туралы келісімге қол қою үшін Итальян Республикасына бармақшымын. Соның арқасында біз келесі жылы-ақ біздің азаматтардың Италияда алған активтері туралы мәліметтерді ала аламыз», - деді Д. Ерғожин сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Италиядан жылжымайтын мүліктер сатып алған қазақстандықтар туралы мәліметтер салық комитетінде бар да. Қазіргі уақытта алынған мәліметтердің салық төлеушілердің көрсеткен декларацияларымен сәйкестігі тексерілуде.

«Тиісті оперативтік ақпаратты біз алдық. Қазір біз тәптіштеп, кім, қашан, нені сатып алғанын және оны ол өзінің декларациясында көрсеткен-көрсетпегенін тексереміз. Ондай азаматтар бізде бар», - деді салық комитетінің төрағасы.

Д. Ерғожиннің айтуынша, басқа мемлекеттердің де салық органдарымен осындай қатынас орнатылып, олармен де ақпарат алмасу жүріп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515