Түйін: Біз кімбіз? Қандай ұлтпыз?
«Абай» ақпараттық порталы оқырман талқысына ұсынған «Біз кімбіз? Қандай ұлтпыз?» деген сауалдың төңірегінде бүкпесіз ой, ашық пікір айтқан оқырмандардың қарасы мол болды. Мұның өзі ел мен жердің бүгініне сергек қарайтын, ертеңіне алаң көңілді Алаш баласының қайта түлеп, тұғырына қайта қона бастағанын аян етеді. Оқырманның ой-пікірін оқып, шынында қатардағы қазақ азаматы ретінде бір жасап қалғанымызды, үмітіміздің оты үстемелене түскенін айтқымыз келеді. Барша оқырманға алқауымызды айтамыз.
«Біз кімбіз? Қандай ұлтпыз?» деген талқыға түскен тақырыпқа айтылған ой-пікірлердің әрбірімен таныса келгенде біздің түйгеніміз де аз болмады. Сонымен...
Әуелі, барша пікірдің түп төркінінде ұлттық идеология мен ұлтын шын сүйетін тұлғаларға деген зәрулікті тіпті, соған деген сағынышты аңғардық. Бұл біздің асыл тегіміздің тізерлемегенін, рухымыздың сынбағанын сездіреді. Жұртымызбен бірге жасап келе жатқан батырлар жырының бастауында қалың қазақтың Тәңірден мыңға татыр бір ұл сұрайтыны, сөйтіп тілегніңі қабыл болатыны есіңізде шығар. Оқырманның ойынан сол жүлгесі үзілмеген ұлттық сананы байқадық. Алаш жұртының тілегінің түбінде Алпамыстар жатқанда, Ұлтандардың уақыты ұзаққа бармас, сірә.

Әйткенменде... Елде ұлттық идеологияның, яғни, белгілі тәртіпке келтірілген ұлттық жүйенің болмауынан туындап бастаған мәселелер басқарушы билік тарапынан мүлде ұмыт қалғандықтан жұрттың жүйкесін жегідей жеп, тіпті, түңілдіріп біткені де талқы-форумнан барынша байқалды. Өйткені, талқы-форудағы пікірлер топтамасында осы күнгі қазақтың бойындағы мінезі мен қылықтарына налыған, көңілі қалған, туған халқының бүгінгі келбетінен теріс айналуға беттеген пікірлер аз кездеспеді. Соның бірі:
«Бізкімбіз? Қандай ұлтпыз? Дәл бүгінгі қазақ - көкжалдары атылған, тектілері айдалған, ақсүйектері аштан қырылғасын қалған жағымпаз, жарлы жақыбай кедейлердің ұрпағынан құралған ұлт. Біз өткен тарихтағы қазақтың толық қанды ұрпағымыз, жалғасымыз деп айтуға қақымыз жоқ. Біз қазір өткен ғасырдағы қазақтың толық мұрагері саналмаймыз. Әрине, сол өткен қазақтардың, мықты көкжал қазақтардың басып алып берген жеріне ие болдық, байлығына ие болдық, бірақ рухни мұрасына, рухына мұрагерлік ете алмадық.
Біз қазір де қазақ деген ұлтпыз, бірақ біз тарихтағы қытайды ықтырған, Батысты бұқтырған, Евразия құрлығын ат тұяғымен таптаған еркін қазақтың ұрпағы емес, солардың қойшысы мен бақташыларының сиыршысы мен сауыншыларының ұрпағымыз. Тірі жүрген бар қазақ солай. Ал олардың бәлен батырдың ұрпағымын дегенінің бәрі өтірік. Олар рух жалғастығын үзіп алғандықтан олай айтуға тиіс емес! Біз осындай ұлтпыз!»
Әлбетте, мәртебесі биік оқырманымыздың алдында басымызды ие отырып, сарыуайымға салынбағанын қалар едік. Оқырманның бұл ойына келесі бір оқырманымыздың пікірін бергенді жөн көрдік.
«Мен қазақты сүйем, ұлттық болмысымды қадірлеймін, басқа ұлтқа айырбастамаймын. Ынжық, сорлы, ездерге қорлатпаймын ұлтымды. Оларға «өзіңнің пендешілігіңді ұлтқа жаппа! Сенің сана-сезіміннің төмен, жетілмей қалғанына біз кінәлі емеспіз» деймін!
Дәл осы азаматың жігерлі ойы сарыуайымға салынып, туған халқының тегінен, тарихынан түңілген, болашағынан күдер үзе бастаған замандастарымыздың көңіл күйіне, пікір танымына ықпал етеді деп үміттенеміз.
Оқырман ойларының арасында «Біз кімбіз?» деген сауалдың жауабын өз бойынан іздегендер де кездеседі.
«Бар қазақ үшін жауап бере алмаймын, сондықтан «Осы мен кіммін?» деген сұраққа ғана жауап беріп көрейін. Иә, мен кіммін? Барып тұрған суайтпын. Екі жүздімін. Кержалқаумын. Ақшаны өте жақсы көремін. Өзімшілдігім бір басымнан жетіп артылады. Қызғаншақпын. Кейде осы мен менмін бе әлде басқа біреумін бе деп өзіме өзім таңқаламын. Достарым бірақ, «уау, кереметсің!» деп мақтап жатады. Өтірікші олар да өзім сияқты. «Елім надан болған соң қайда барып оңайын?» деп пе еді Абай шал. Жасының көбі мен сияқты қазақ қайдан оңсын? Сауалға жауабым осы.
Жоғарыдағының бәрін өз бойымнан тауып алып айтып отырмын. Бәлкім сендер керемет шығарсыңдар, достар?..» С. А. С.
Бір оқырманымыз осылай деп ағынан жарылса, келесі оқырман:
«Мен де өзім туралы ғана айтайын. Еріншекпін, бірақ көңілім болғанда жұмысты опырып істеп тастаймын. Көңілшекпін, бірақ жыныма тие бергенді тайпап тастауға әзірмін. Ақылсыз емеспін, бірақ сол ақылды өз пайдама жарата білмеймін. Ешкімнің ала жібін аттаған емеспін, бірақ біреуге пәлендей жақсылық жасадым деп те айта алмаймын. Кекшілдігім мен кешірімшілдігім бірдей. Ұлтымды сүйем, бірақ сол ұлтымның жаман қасиеттерінен жиіркенем. Аллаға сыйынам, бірақ діндар емеспін. Қазағымның бүгінгі жағдайына жүрегім сыздайды, бірақ қазақ болып туғанымды мақтан етемін». Қабыл
Міне, оқырман ойы. Әлбетте, «өз мінін білген адам − патша». Әрбіріміз дәл осы екі оқырмандай «Біз кімбіз?» деген сауалдың жауабын өз бойымыздан тауып, соны түзей алсақ, ол сапалы ұлтқа айналғанымыздың айқын көрсеткіші болары анық.
Оқырманның ойы әралуан. Сонысымен құнды. Кейбір оқырманымыз көкбөрі тегін іздеп, бүгінінен біржола түңіледі. Енді бірі, рушылдық сананың өріс алғанын, қоғам дамуына шырмауықтай кедергі болып жатқанын айтып шырылдайды. Әрине, оқырман ойының растығына біз де қосыламыз. Алайда, табиғи түрде жұртымыз ұлт ретінде жаңа сапаға өту процесін бастан кешіріп жатқанын айтқымыз келеді. Түлеудің өзі біршама ұзақ процес. Жаңаға орын бергісі келмейтін өлі жүннің де жабысқақ келетінін ұмытпаңыз, қадірлі оқырман.
Сөз соңында, қандай болмасын туған жұртымыз қазақ - біртұтас халық, оның алтын тағы Отаны біртұтас Қазақстан екенін, жаман адам болғанымен жаман ұлт болмайтынын айтамыз. «Қазақ» газетінде қазақ тарихын жазған Әлихан Бөкейханның «Қияметке шейін қазақ, қазақ болып қалады» деген сөзімен бұл әңгіме әзірге тәмәм болсын!
Алашшыл, Абайшыл болайық, ағайын!
«Абай-ақпарат»