Жұма, 22 Қараша 2024
4300 1 пікір 25 Сәуір, 2017 сағат 10:13

"Ислам мемлекетін" насихаттады делінген жеті күдікті екі айға қамалды

Ақтөбе қалалық соты "Ислам мемлекеті" экстремистік тобын қолдауға шақырған жеті күдіктіні қамауға санкция берді. Астана соты 2015 жылы 15 қазанда ИМ-ді террорлық ұйым деп таныған еді.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеті күдіктіні екі айға қамау туралы үкім 22 сәуірде шықты. Сот мәліметі бойынша, оларға "араздық туғызу" және "терроризмді насихаттау, террорлық акт жасауға шақыру" қылмыстарына қатысты айыптар тағылған.

20 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жүргізілген рейд кезінде терроризмді насихаттаған және діни араздық туғызған 11 күдіктіні ұстағанын хабарлады. Бұған қоса, арнайы қызмет төрт радикалдық топтың әрекетіне тойтарыс берген.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297