Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
6563 0 пікір 25 Сәуір, 2017 сағат 10:21

Түркіменстанда баспанасыздар мен жезөкшелерді Азиада аяқталғанша диспансерде ұстайды

Ашхабад полициясы үй жоқтарды, маскүнемдер мен нашақорларды көшеде ұстай бастады.

Құқықорғау органының қызметкерлері астанадағы көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен шатырларын тексеріп жүр. Полиция қызметкерлері жезөкшелердің де соңынан түсті, деп хабарлады "Хроника Туркменистана" басылымы.

Ұсталғандарды Дашоғыздағы наркологиялық диспансерге апарып жатыр. Олар бұл мекемеде 1-2 ай болады. Дереккөздердің хабарлауынша, оларды Азиада-2017 аяқталғанша, яғни қыркүйектің аяғына дейін диспансерден шығармауы мүмкін.

Азаттық радиосының мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері жұпыны киінген адамдарды да көшеде ұстап жатыр. Астанада тіркеуде тұрмағандарға айыппұл салынып, аймақтарға қайтарылады.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркіменстандағы полиция учаскелері мен наркологиялық диспансерлердің жағдайы сын көтермейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2426
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 645
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629