Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2486 0 пікір 22 Қазан, 2010 сағат 10:06

Абзал ЕРЖАНҰЛЫ. ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ЖАҒЫМПАЗДАР ОДАҒЫНА АЙНАЛЫП КЕТКЕН ЖОҚ ПА?

Өткен айда Қазақстан Жазушылар Одағының 75 жылдығына байланысты 700-ге тарта қаламгердің басқосуы өткенінен ел хабардар. Осы жиын турасында өткен нөмірлеріңізде ақиық ақын Мұхтар Шахановтың "Ұлтын сатқан ұстаздар немесе тілді қолдау акциясына жазушылар неге келмеді?" тақырыбымен өлеңі де жарық көрді. Бұл мақала интернет сайттарына да орналастырып, бүгінгі күні қалың оқырманның қызу талқысына түсіп кеткен.

 

"ЖАҒЫМПАЗДЫҚ СИНДРОМЫ"

Қызу талқының басты себебі шамасы Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің аталмыш жиында "Құрметті төраға" болып сайлануы шығар... Өйткені, "Құрметті төраға" Жазушылар Одағының төрағалығына өзге қаламгер сайланған күннің өзінде, мұндағы лауазымдық қызметі одан жоғары болмақ. Сөйтіп, өле-өлгенше Жазушылар Одағының жоғарысынан қарап отырмақ.

Жалпы, мұндай "синдромның" Парламенттің төменгі палатасынан басталғаны белгілі. "Жағымпаздықтың" "аса жұқпалы" дертіне шалдыққан Мәжіліс депутаттары бастама жасап, Президентімізді заң негізінде "Ұлт көшбасшысына" айналдырғаны белгілі. Президентіміздің қарсылығына қарамаған "аурудың асқынған түрімен ауыратын" Мәсімов-Тоқаев-Мұхамеджановтар үштігі конституциялық заңға қол қойып, қолданысқа енгізді де жіберді.

Өткен айда Қазақстан Жазушылар Одағының 75 жылдығына байланысты 700-ге тарта қаламгердің басқосуы өткенінен ел хабардар. Осы жиын турасында өткен нөмірлеріңізде ақиық ақын Мұхтар Шахановтың "Ұлтын сатқан ұстаздар немесе тілді қолдау акциясына жазушылар неге келмеді?" тақырыбымен өлеңі де жарық көрді. Бұл мақала интернет сайттарына да орналастырып, бүгінгі күні қалың оқырманның қызу талқысына түсіп кеткен.

 

"ЖАҒЫМПАЗДЫҚ СИНДРОМЫ"

Қызу талқының басты себебі шамасы Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің аталмыш жиында "Құрметті төраға" болып сайлануы шығар... Өйткені, "Құрметті төраға" Жазушылар Одағының төрағалығына өзге қаламгер сайланған күннің өзінде, мұндағы лауазымдық қызметі одан жоғары болмақ. Сөйтіп, өле-өлгенше Жазушылар Одағының жоғарысынан қарап отырмақ.

Жалпы, мұндай "синдромның" Парламенттің төменгі палатасынан басталғаны белгілі. "Жағымпаздықтың" "аса жұқпалы" дертіне шалдыққан Мәжіліс депутаттары бастама жасап, Президентімізді заң негізінде "Ұлт көшбасшысына" айналдырғаны белгілі. Президентіміздің қарсылығына қарамаған "аурудың асқынған түрімен ауыратын" Мәсімов-Тоқаев-Мұхамеджановтар үштігі конституциялық заңға қол қойып, қолданысқа енгізді де жіберді.

Жоғарыдан басталған осы бір "жұқпалы дерт" енді төменгі жаққа қарай жайылуда. Емі жоқ "кеселдің" алғашқы "синдромдары" қаламгерлерімізде баяғыда-ақ байқалған. "Дерт" дендеген олар ақыры "Құрметті төраға" дегенді ойлап тапты. "Ойлап тапты" дегеніміз болмаса, бұның "Ұлт көшбасшысының" көшірмесі екені айтпаса да түсінікті.

Бұл "жұқпалы дерттің" синдромдары туралы кішкене ақпар бере кетейік. "Жағымпаздық кеселі" негізінен ғашықтық дертіне ұқсас. Бірақ, бұл "дерт" жұқпалы әрі аса қауіпті. Бұл "дертке" шалдыққан жанның көзіне өзінен лауазымы жоғары тұлға ерекше жаратылған тұлғадай болып көріне бастайды. "Көз алды бұлдырап", ол "тұлғаның" кемшіліктерін көруден қалады. Оның әрбір сөзіне "басы айналып, құлағы тұнады". Аталмыш "тұлғаға" тіл тигізгендерді ерекше жек көріп, кектене қарайды, оны қорғау үшін ар-ұяттан да безуге баруы мүмкін. "Ерек тұлғаның" қолын сүйіп, туфлиін жалағысы келуі де ғажап емес. Шаханов мырзаның ондай жандардан "ТЖ" деп тыжырыну себебі де осы. Сонымен қатар, мұндай "ауруға" шалдыққан адамдар "түс ажырату" қабілетінен айырылып, ақ пен қараны, яғни өтірік пен шындықты ажырата алмай қалып жатады.

Өкінішке қарай, ғылымда әлі бұл "кеселдің" нақты емі табылмаған. Сондықтан, оған ешқандай дәрілік препараттар көмектеспейді. Белгілісі - ар-ұяты күшті адамдар ғана бұл "кеселге" шалдықпай, аман қала алады. Яғни, "жағымпаздық дерті" иммунитеті әлсіздерге емес, ар-ұяты әлсіздерге тез жұққыш.

 

ОРАЗАЛИННЕН ӨЗГЕСІ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ЕМЕС ПЕ?

Сонымен, Нұрлан Оразалин "Құрметті төраға" болды. Соған қарағанда, оған дейін Жазушылар Одағын басқарған азаматтар құрметке лайық болмаса керек. Оразалинді ерек етулеріне қарағанда, қаламгерлерімізде сондай ойдың жатқаны да.

Айтпақшы, осыдан біраз жыл бұрынғы Жазушылар Одағының әлгіндей жиынында қаламгерлер Оразалиннің төраға болып қалуына қарсылық білдіріп, Нұрекең әупіріммен орнында қалған еді. Тағы да орнынан айырылу қаупі туады ма деп қорықты ма кім білген, бұл жолы ертерек қамданғандай. Және жолы болды да.

Әйтсе де, былайғы халық Оразалиннің "жоғары құрметке" лайық болатындай іс-әрекетін онша көре алмай отыр. Жазушылар Одағының жұмысын керемет үйлестіріп, әдебиетіміздің жаңа бір белестерге көтерілуіне жол ашып жатса, әңгіме басқа еді. Керісінше, соңғы уақыттарда халықтың зиялы қауым өкілдеріне деген сенімі азайып барады. "Зиялы" деп негізінен ақын-жазушыларымызды атайтынын білетін болсақ, соңғы жылдары БАҚ-та "Зиялы ма, зиянды ма?" деген сұрақ төңірегінде көптеген материалдардың жарияланғаны-ақ жазушыларымыздың абыройы қай сатыға төмендеп кеткенін көрсетсе керек.

 

ОТАРШЫЛЫҚТЫ НАСИХАТТАП ЖҮРГЕНДЕЙМІЗ

Расында, ел тәуелсіздігін алғалы елді елең еткізер жақсы романдар жазылып жатыр ма бізде? "Қазіргі жастар кітап оқымайды" деп ренжиміз кейде. Ал шын мәнінде тәуелсіз елдің халқын ұлықтайтын ұлы шығармаларды көре алмай отырған жоқпыз ба? Әрине, мүлде жазылмай жатыр деуге болмас, бірақ, аз. Әсіресе тарихи романдар, трилогиялар жоқтың қасы. Шынайы тарихымызды сипаттап, батыр бабаларымыздың ерліктерін көрсетіп, отаршылардың озбырлықтарын ашып айтқан шығармалар бар ма қазір?

Қазіргі ақын-жазушыларымыздың көбі өз руын мақтап, қазіргі лауазымды кісілер мен олардың ата-бабаларын әспеттеумен уақыт өткізіп жүрген жоқ па? Ал халық әлі де шынайы тарихына көз жеткізе алмай келеді. Жастарды намысын жаншып, рухтандыратын шығарма деген ілуде бір кездеспесе, жоқтың қасы дегендей-ақ.

Тарихи роман, трилогия дегенде, "Көшпенділер" мен "Қан мен тердің" орны бөлек екені аян. Өкінішке орай, мұның барлығы кеңес одапғы кезінде жазылған, сол уақыттағы саясаттың тар шеңберінен шыға алмаған. Сондықтан, аталмыш шығармаларда қазақ бай-бағландары, сұлтандары, хандары, тіпті қарапайым адамдарының өздері жағымпаз, сатқын, көреалмаушылық қасиетке ие, таққұмар, озбыр, қатынқұмар болып келеді. Орыс халқы болса еңбекқор, күшті, ақылды, мейірімді саналады да, қазақ халқының орысқа қосылып қана ел қатарына қосылғаны әспеттеледі. Нағыз халықшыл батырларымыздың өзі соңында орыс халқына қосылып қана ел бола алатынымызды айтып отырады. Әрине, Ілияс Есенберлиндей алыбымыз бұлай жазғысы келмеген шығар, тек кеңестік саясат солай жазуға мәжбүрлеген де. Әйтеуір, астарынан қазақтың тегін халық болмағанын, ұлы да жауынгер ел екенін сезесің.

Жуырда Төлепберген Қайыпбергенов деген Қарақалпақстанның халық жазушысының "Қарақалпақ дастаны" деген кітабы қолыма түсті. Осы трилогияда да орыстар ұлы халық ретінде әспеттеледі де, қазақтар басқыншы, озбыр ретінде суреттелген. Әсіресе Кіші жүз халқы мен оның ханы Әбілқайыр қарақалпақтарға күн көрсетпеген жау болып көрсетіліпті. Одан қалса қазақтар бірін-бірі қырып, хандары тақ үшін ар-ұятын шетке жинапты. Әбілқайыр ханға қарсы Орта жүздің Барақ сұлтан бастаған әскері шабуыл жасап, тықсырып келе жатқанда, бұған дейін өздері күн көрсетпей қырып жүрген қарақалпақтарына Кіші жүздің билері жалынып барып, содан "таспен атқанды аспен атып", қарақалпақтар Кіші жүзге көмекке келіп, Орта жүздің ержүрек жауынгерлерін шетке түре қуыпты. Тек, арттан Орта жүзге жаңа күш келіп қалып, онда да Әбілқайыр хан өлтіріліп, содан кейін ғана соғыс тоқтап, қарақалпақтың Маман биі бастаған әскері елдеріне қайтыпты.

Бұл кітапта дүниенің ғылымы да, білімі де, кереметтері де, қаруы да, бәрі-бәрі орыс халқында деп түсіндіріледі. Орыс патшалығына бағынуға қазақтар да, қарақалпақтар да жаппай таласады.

Осындай шығарманы оқыған адамда қандай рух болады? Бір қызығы, осы трилогияны Зұлқарнай Сақиұлы деген қазақ тіліне аударып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы бағдарламасы бойынша басылып шығады, сөйтіп қазақ оқырмандарына жол тартады. Сонда қазақ оқырмандарына "қазақ ұлтын жерге қаратып, патшалық орыс елін көкке көтерген" шығарманы насихаттап жатыр ма? Солай болып тұр ғой. Мұны оқыған қазақ жастары "Өй, біздің бабаларымыз бір-бірімен қырылысып, тақ үшін, қатын үшін, байлық үшін бірін-бірі талаған екен ғой. Орыс халқының арқасында ғана ел болыппыз" деген ойға келмей ме? Сонда Қазақ өкіметі отарсыздандыру саясатын жүргізудің орнына, отаршылық кезеңді қайта насихаттап жатқан болып шықпайды ма?

 

ГҮЛЕН ҰЛТЫМЫЗДЫ ГҮЛДЕТЕ АЛМАЙДЫ

Міне, сондықтан да қазақ қаламгерлері шынайы тарихты суреттеп беретін жаңа тарихи романдар, трилогиялар жазып, отарсыздандыру саясатына өздерінше үлес қосуға тиіс. Егер Нұрлан Оразалин осындай істерге бастамашы болып жатса, сонда халықтың өзі-ақ оны "Құрметті төраға" деп көкке көтерер еді. Өкінішке орай, төрағалыққа Нұрлан Оразалин келгелі Жазушылар Одағы қайдағы бір Түркиядан қашып, АҚШ-ты паналаған Фетхуллаһ Гүлен дегенді насихаттап әлек. Әрбір жиынында Гүлен шығармалары, Гүленнің кітаптары туралы үгіт жүргізеді. Сөйтіп Гүлен арқылы Ислам дінінің басқа бір ағымын насихаттап жүргенін Оразалин түсінсе керек. Түсінбесе, қазақ БАҚ-тарында бұл туралы көптеп жазылды, соларды оқып көрер.

Жоғарыда біз "Құрметті төрағаға" байланысты интернет оқырмандарының арасында қызу талқының болып жатқанын айтып өттік. Көптеген оқырмандар қаламгерлерімізге қарындары ашса керек, "Жазушылар Одағы таратылсын!" деп ұрандап жатыр. Енді біреулері "Жазушылар Одағында 700 емес, 7 ақын-жазушы қалса да болғаны" деп, ол тізімді де жасап тастапты. "Жазушылар Одағы Жағымпаздар Одағына айналып кетті" деушілер де аз емес. Мұның бәрі тегін айтылып жатқан жоқ. Сондықтан, қаламгерлеріміз ойлануға тиіс. Дулат Исабеков ағамыз айтпақшы, қаламгерлеріміз қазақ тілі болмаса, өздерінің шығармаларын ешкімнің оқымайтынын түсініп, қазаққа қарай бет бұрса дейміз. Қазаққа қазір қолдан жасалған "Құрметті төраға" емес, ұлтқа шынайы жаны ашитын құрметті зиялы азамат керек. Осы себепті, мен жазушыларымызды "жағымпаздық" кеселінен "жазылуға" шақырамын.

 

Абзал ЕРЖАНҰЛЫ.

Түркістан қаласы.

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485