Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Көршінің көлеңкесі 7325 7 пікір 28 Сәуір, 2017 сағат 08:15

Путин Ресейді өктеуде

Ресейдің Президенті Владимир Путин кезекті әжуаның кейіпкеріне айналды. КГБ офицері болған президент Путин туралы су жаңа туынды (мультфильм) "Youtube.com" арнасында жария болды. "Путин Ресейді өктеуде" деп аталады.

Қысқаша сипаттамасы мынау: 2000 жылдан бастап Кремльге қожайындық еткен Путин 17 жылда орысты өгіздей мініп, өктеп келе жатыр.

2018 жылы Ресейде Президент сайлауы өтеді. Оған президент Путин де қатыспақ. Егер жеңіске жетсе, Ресей тізгіні 2024 жылға дейін Вакеңнің қолында болмақ. Бұл кезде Владимир Владимирұлы 71 жасқа келеді.

Орыс халқы оқтын-оқтын осқырып жатыр демесек, Путиннің тақтан тая қоятынына сенім аз. Президент Путиннің сайлаудағы басты қарсыласы - оппозиционер Алексей Навальный. Бұл жігіт сәуірдің басында бүкілресейлік қарсылық акциясын өткізді. Путиннің ең сенімді серігі, уағында бір ауысым Президент тағында отырған, Ресейдің қазіргі Премьер-министрі Дмитрий Медведовтың миллиондап жиған-тергенін жұртқа жария етті.

Навальный Путин билігіне пәрмен бере ала ма, әлде авторитар билік сақтала ма, уақыт еншісінде.

Айтпақшы, даулы фильмді жасаған Олег Носков дейтін азамат екен.

Көсемсөзші Олег Носков өзінің "Мессиандық импотенция" атты мақаласында Путиннің пафостық идеяларын ашық сынапты.

"Ресей билігіне либералдар келген оншақты жылдан бері біздің азаматтар биліктің іс-әрекетінен сабақ алмады ма? Ресейлік "либерализм" - путиндік национализм секілді тарихи қателік екенін нежолы түсінбедік?", - деп жазады ол.

Ал жоғарыдағы туындыда - Ресей халқының тұрмыс-тіршілігі, хал-күйі ащы сарказммен бейнеленген.

Бұл Ресейде келер жылы өтетін президенттік сайлау алындағы мылтықсыз майданның бір көрінісі іспетті. Сізше қалай?

Нұрзат Тоқажан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048