Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
5265 3 пікір 2 Мамыр, 2017 сағат 17:20

Сирияда өзбек содырларының жетекшісі Шейх Салахуддин өлтірілді

«Әл-Бухари» есімімен танымал өзбек содырлары отрядының басшысы болған Шейх Салахуддин серіктері тарабынан өлтіріліп, оның орнына тәжікстандық Абу Юсуф тағайындылған. Бұл жөнінде Сириядағы көтерілісшілер тобының өкілі хабарлаған.

Сириядағы дереккөздің сөздерінше, 43 жастағы Шейх Салахуддинді өткен аптада Идлиб қаласындағы мешітте кешкі намаз кезінде өзі басқаратын отрядтың бір мүшесі атып өлтірген. Одан басқа тағы да үш содыр өлтірілген, екеуі жараланған.

Сол күні күдіктіге іздеу жариялаған. Оны тапқан адамға 1 миллион сириялық фунт (4700 АҚШ доллар шамасында) сыйақы берілетіні хабарланған. Бірақ келесі күні-ақ Шейх Салахуддинді өлтірген адамды ұстаған.

«Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік тобы Шейх Салахуддинді «Хурасан» содырлар тобы алдын ала ұйымдастырып өлтірді деген мәлімдеме таратты. «Хурасан» ИМ-нің бір қанаты болып саналады. Оған негізінен Орталық Азиядан шыққан адамдар мүше.

Шейх Салахуддиннің шын есімі Акмал Журабаев. Ол Өзбекстанның Ферғана жазығындағы Наманған қаласында туып-өскен.

Абай-ақпарат

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048