Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2330 0 пікір 26 Қазан, 2010 сағат 05:24

Новгород облысында Ұлы Отан соғысына Солтүстік Қазақстаннан барған жауынгердің сүйегі табылды

Петропавл. 26 қазан. ҚазТАГ – Ресейлік іздестіру отрядының сарбаздары Новгород облысы Горбы Парфинского деревнясының маңынан Ұлы Отан соғысына Солтүстік Қазақстан облысынан (СҚО)барған жауынгердің сүйек қалдықтарын тапты, деп хабарлайды СҚО қорғаныс істері жөніндегі басқармасы.

Басқарманың бөлім бастығының көмекшісі Иосиф Марцинкевичтің хабарлауынша,ведомствоға Новгород облысынан хабарлама келген.

«Новгород облысының «Долина» іздестіру экспедициясының хатында Новгород облысы Горбы Парфинского деревнясының маңынан бір жауынгердің сүйектері табылғаны айтылған, - деді И.Марцинкевич. – Оның медальонындағы мәліметтерге қарағанда, Степан Иванович Толмачев, 1909 жылы туған – біздің жерлесіміз майданға Булаев ауданының әскери комиссариатынан кеткен».

СҚО қорғаныс істері жөніндегі басқарманың мәліметтеріне сәйкес, С.Толмачев соғыс жылдары із-түссіз кеткен деп есептелген. Жауынгердің туған-туыстары әлі табылған жоқ.

«Медальонда оның туысы Ефросинья Степановна Толмачева бар екені жазылған, қызы болуы керек. Жауынгер майданға 1941 жылдың 26 шілдесінде шақырылғанын білдік», - деді И.Марцинкевич.

Оның ақпаратына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысының естелік кітабында» 74мыңнан аса жауынгердің есімі жазылған, оның 16 554-і соғыс жылдары із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443