Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2173 0 пікір 26 Қазан, 2010 сағат 05:51

Солтүстік Қазақстанда «Нелегал» операциясы барысында ел аумағынан 97 шетелдік шығарылды

Петропавл. 26 қазан. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) «Нелегал» операциясы барысында Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 97 шетелдік ел аумағынан аластатылды, деп хабарлады сейсенбі күні облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 453 мигранттың республикада болу мерзімі қысқартылды. СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Есенгелді Құлмағамбетовтың айтуынша, «Нелегал» операциясының екінші кезеңі ІІД, ҰҚК, ҚР ҰҚК шекара әскерлерінің 2032 ә/б күштері мен құралдарының қатысуымен жүзеге асырылуда.

«Полиция қызметкерлері рейстік автобустарды, жеңіл автокөліктерді, базарлар мен жабайы сауда орындарын, көңіл көтеру орындарын тексерді. Операция кезінде СҚО арқылы еңбек мигранттарын тасымалдаған оннан аса автобус өтті. Олардың негізгі бөлігі Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен Ресей Федерациясына бет алған», - деді басқарма басшысы.

«Нелегал» операциясы барысында тәртіп сақшылары шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 70-тен аса кәсіпорын мен ұйымды тексерген. 786 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443