Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
5887 0 пікір 8 Мамыр, 2017 сағат 11:15

Ауған түркімендері "Талибан" және "ИМ" содырларына қарсы қарулы жасақтарға бірікті

Ауғанстанның солтүстігінде тұратын этникалық түркімендер "Талибан" және "Ислам мемлекеті" содырларының шабуылдарынан сақтану үшін қарулы жасақтарға бірігіп жатыр.

Азаттық радиосының Ауғанстандағы тілшісі Шамердангұлы Мырадының хабарлауынша, соңғы уақыттары жергілікті халықтар өздерін қорғау үшін қарулы жасақтар құра бастаған. Өйткені аймақта қауіп күшейген.

"Соңғы күндері жағдай қиындап кетті, сол себепті жергілікті тұрғындар бірігіп, қару асынуға мәжбүр болды. Бір ғана Шордеп ауданында кем дегенде 10 қарулы топ бар", - деді Мырады.

Қарулы топтардың бірінің командирі Абдул Менанның айтуынша, мұнда кем дегенде 27 ер азамат пен екі әйел қаза тапқан. "Біздің басқа амалымыз қалмады. Мал-мүлкімізді сатып, қару-жарақ сатып алдық. Сөйтіп "Талибан" мен "Ислам мемлекеті" содырларына қарсы тұрамыз. Біз олардың күштерін қуып шығамыз", - деді ол.

Кейбір мәліметтер бойынша, Ауғанстанда шамамен 1 миллион (халықтың 2 пайызы) этникалық түркімен тұрады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052