Ашхабадта мұғалімдер мен тәрбиешілер мерекеде көше сыпырды
Ашхабад билігі орта мектеп ұстаздары мен бала бақша тәрбиешілерін көше тазалауға мәжбүрледі.
Азаттықтың Ашхабадтағы тілшісі Аманмырат Бугаевтың хабарлауынша, 8-9 мамыр - ресми мереке күндері болса да, орта мектеп мұғалімдері мен бала бақша тәрбиешілерін жұмысқа шығуға мәжбүрледі.
Оның айтуынша, кейбір мектептердің мұғалімдері Олимп қалашығының маңындағы аумақты жинастырып жүр. Шағын аудандардағы мектептердің ұстаздар қауымы көше сыпырып, арам шөп жұлып, артықтарды тазартты.
Түркіменстан астанасындағы сенбіліктер биыл 17-27 қыркүйекте Ашхабадта өтетін Азия ойындарына дайындық аясында ұйымдастрылды.
Олимп қалашығы да халықаралық жарыс қарсаңында тұрғызылды. Мемлекет оның құрылысына 5 млрд доллар, ал жаңа халықаралық әуежай салуға 2,3 млрд доллар жұмсады.
Абай-ақпарат