Сенбі, 10 Мамыр 2025
4882 2 пікір 10 Мамыр, 2017 сағат 12:41

Қырғыз президенті мигранттарға қарсы шыққан ресейлік саясаткерлерді сынады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте өткен митинг-реквием кезінде Санкт-Петербургтегі терактіден соң қырғыз мигранттарына қарсы шыққан ресейлік саясаткерлерді сынады.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Ресейде екі халықтың арасына от салушылар, ксенофобиялық пікір таратушылар көбейді.

Атамбаевтың айтуынша, Санкт-Петербург метросындағы шабуылды "жекелеген ресейлік саясаткерлер мен БАҚ Қырғызстан мигранттарына қарсы науқанға айналдырып жіберді".

"Мәселен, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Константин Затулин "Россия-1" мемлекеттік телеарнасы эфирінде қырғыз мигранттарына қатаң шара қолдануға үндеп, қырғыздар - жатжұрттық, Ресейді байырғы заманнан мекендеген халықтарға еш қатысы жоқ деп айтқан", - деді Атамбаев.

"Ресейдің проблемасы - "жатжұрттықтар" немесе қырғыз еңбек мигранттары емес, өз арасында ксенофобия мен ұлт араздығын туғызушы кейбір жазушылар мен саясаткерлер", - деді қырғыз президенті.

Абай-ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2008
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3010