Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
5182 0 пікір 10 Мамыр, 2017 сағат 12:45

АҚШ Сириядағы күрд бүлікшілеріне қарумен-жарақпен көмектеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы күресетін күрд әскери жасақтарына тікелей қару-жарақ жеткізу жоспарын мақұлдады. Бұл туралы Вашингтонда ресми түрде хабарланды.

Сейсенбі күні The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, осылайша экстремистердің астанасына айналған Ракка қаласына шабуыл жасауға мүмкіндік пайда болды. Дей тұрғанмен, Ақ үй шешімі одақтас Түркияға ұнамай қалуы ықтимал, өйткені Анкара күрд бүлікшілерін "терроршылар" ретінде қабылдайды.

Күрділерге қару-жарақ беру мәселесі бірнеше ай бойы талқыланды. "Халықтың өзін-өзі қорғау отряды" деген атпен белгілі сириялық күрділер ұйымы - АҚШ-тың Сирия аумағындағы сенімді әскери одақтасы, деп жазды The Wall Street Journal.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1504
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3118
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1113
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1040