Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4233 1 пікір 10 Мамыр, 2017 сағат 15:19

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті ант берді

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Мун Чжэ Ин бүгін ант берді.

64 жастағы либерал президент ретінде бірінші рет сөйлеген сөзінде Корей түбегіндегі «қауіпсіздік дағдарысын реттеуге» бірден кірісемін деп мәлімдеді. «Егер қажет болса, Вашингтонға, Бейжіңге де, Токиоға да барамын, тіптен мүмкіндік болса Пхеньянға да барамын», - деді ол.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе коррупциялық жанжалмен қызметінен шеттетілгеннен кейінгі биліктегі вакуумды жою үшін Мун Чжэ Ин жақын күндері ірі кадрлық өзгерістер мен тағайындаулар жасайды дейді сарапшылар.

Мун Чжэ Ин елін коррупциялық жанжалдан кейінгі қиын кезеңнен шығаруға уәде беріп, қазіргі әкімшілікті Солтүстік Кореядағы ядролық бағдарламаға тосқауыл бола алмады деп сынады.

Бұл жолғы Оңтүстік Кореяда өткен сайлауда қатысушылар саны соңғы 20 жылда бірінші рет көп болды. Мун 41,1 пайыз дауыс алса, консерваторлар үміткері Хон Джунпхё - 25,5 пайыз дауыс жинады.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051