Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2290 0 пікір 27 Қазан, 2010 сағат 14:56

Жұмыртқалар «жұлынып», орынтақтар ойнақтаған күн болды

«Желтоқсан» қозғалысының белсенділері оппозициялық «Народовластие» («Халық билігі») блогының көшбасшыларына жұмыртқа лақтырып, баспасөз мәслихатын болдырмады, деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға бүгін, яғни,  сәрсенбі күні Ұлттық баспасөз клубында Қазақстан коммунистерінің бұрынғы хатшысы, әм құрметті көшбасшысы Серікболсын Әбділдин сөз сөйлеп отырған кезде көрініс тапты. «Желтоқсандықтардың» наразылық білдіруіне себеп болған жайт  С. Әбдилдин орыс тілінде сөйлеп, президенттіктен үміткер  адамның кім екендігін ашып бергендігінен басталған сияқты. Олар коммунистердің құрметті көшбашысының қазақша сөйлеуін талап етіп, ақыры, «көсемдердің» көлеңексі ұялаған қабырғаға жұмыртқа лақтырды.     

Ол аз болғандай, артынан іле-шала тағы екі адам орындарынан жұлынып тұрып төрге қарай төпелете жұмыртқа лақтыра бастады. Жұлқына жұмыртқа лақтырғандардың арасында баспасөз мәслихатына төрт жасар баласын жетекетеп әкелген әйел де бар екен. Жұмыла жұмыртқа лақтырған  желтоқсандықтар  тіркелмеген «Алға» блогына кіретін Владимир Козловтың қазақ еместігін бетіне басып, оны 1986-шы жылы ОК тағайындалған бірінші хатшы Генадий Колбинмен салыстырды . 

Жұмыртқа жаруды аз көргендердің біреуі Козлов пен Әбділдинге қарай астындағы орындығын да лақтыра жаздап еді. Абырой болғанда, торғайдай топырлап отырған журналистер «қазақ Линчінің» іске асуына жол бермеді. Коммунистік оппозициямен тартыс ғимараттан сыртқа шығып, далада жалғасты.
Оқиға орнына келген полиция тобы қақтығысушыларды ажыратып бақты. Кемеңгер шерифтер қақтығысқа белсене араласып кеткен «Правда Қазақстана» газетінің журналисі Шәріп Құрақбай мен оқиғаға қатысушы бейтаныс әйелді ұстап кетті. Полицейлердің айтуынша, Ш. Құрақбай мен әйел балағат сөздер айтқаны үшін қамауға алынған көрінеді.
Жұмыртқа мен орындықтан аман қалған президенттіктен үміткер  Козлов этникалық тұрғыдан орыс болғанымен,  өзін қазақпын деп есептейтінін жеткізуге тырысты. Қазақтығының дәлелі ретінде В. Козлов әйелінің қазақ қызы екендігін, сондай-ақ ол қазір өзінің кандидатурасын Қазақстан президенттігіне ұсынғанда қазақ тілін білу керектігі туралы Конституция талабына сай, қазақша үйреніп жүргендігін еске салды.
Өзіне жұмыртқа атқандар хақында В. Козлов бұрын «жақсы қарым-қатынаста» болғанын атап өтті. «Әлгі әйел -  желтоқсандық, және бұрын біз онымен жақсы қарым- қатынаста болған едік», - деді В. Козлов. - Мен үшін бұл оқиға тіпті күтпеген жәйт болды. Демек оның маған деген қатынасын өзгертерлік елеулі оқиғалар болған. Оны тек билік істей алуы мүмкін. Мен осындай арандатушылық әрекеттердің орын аларын білгенмін. Бәлкім, ол тек маған ғана қатысты емес, менің жақындарымды да қамтуы мүмкін».
Жұмыртқа жарып, орынтақтарды лақтырудың ойранын көрсеткен  ұйымдастырушылар ғимараттан сыртқа шыққан бойда дүрік көтеріліп оқиға орнын тастап кете барды...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417