"Манчестер Юнайтед" пен "Аякс" Еуропа Лигасының финалына шықты
Футболдан Еуропа Лигасының жартылай финалдағы қарымта ойындары өтті. Кездесу нәтижелерін УЕФА ресми сайты хабарлайды.
"Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Сельтамен" 1:1 есебімен тең түсті. Алғашқы ойында "Юнайтед" қарсыласын 1:0 есебімен жеңген еді. Екі ойын қорытындысы бойынша басым түскен британиялық команда финалға өтті.
Ол финалда "Аякспен" кездеседі. Голландиялық команда қонақта "Лионнан" 1:3 есебімен ұтылып қалды. Бірінші ойында "Аякс" қарсыласын 4:1 есебімен жеңген еді.
Еуропа Лигасының финалы 24 мамырда Стокгольмде өтеді.
Абай-ақпарат