Азаматтарын түрмеге тоғытуда Қазақстан алдыңғы топта
Соңғы кезде жылдық есептерін жариялап жатқан халықаралық ұйымдардың бағамдауынша, экономикалық даму жағынан елуінші, ал, жемқорлық бойынша жүз бесінші орында тұрған Қазақстан сотталғандар санына келгенде әлемдік тізімде жиырмалықтың қатарына еніпті.
Алайда, Бас прокуратураның қылмыстық істер бойынша сот қадағалау коллегиясының төрағасы Ақылтай Қасымов осы күнге дейін сотталғандардың саны пайызға шаққанда 47% - дан 39% - ға дейін қысқарғанын айтып отыр. Қасымовтың сөзіне қарағанда, азаматтарын бас бостандығынан айыру жөнінен дүниежүзі елдерінің ішінде Қазақстан 17-нші орынға табан тіреген көрінеді.
Ақылбек Қасымовтың есебіне сенсек, сотталғандардың саны жыл сайын тіпті, тоқсан сайын азайып келеді-міс. Мысалы, 2009 жылы 14 547 адам бас бостандығынан айырылса, 2010 жылдың тоғыз айында 10 965 азамат сотталған. Сотталғандардың саны былтырғымен салыстырғанда, 3 582 адамға азайыпты. Оның үстіне, Ақылбек Қасымов мырзаның ойынша, бұл сан әлі де азая түсетін көрінеді.
Осындайда, есіңе еріксіз соттарға есесі кетіп, әділдік іздеп емен есіктерді тоздырып жүргендер мен «айраннан ауыз тимей», «шелек жалағаны» үшін ғана жазалы болып кеткен адамдардың тағдыры түседі...

Айтпақшы, осы тауық ұрлағандар мен «шелек жалағандардың» жазасын жеңілдетіп, оларды тегін қоғамдық жұмыстармен қайта тәрбиелеуге болмай ма екен? Әлгі біз төрағасы болып таңдандырып, таң қалдырып жүрген Батыс елдерінде солай дейді білетін жұрт.
«Абай ақпарат»