Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3053 0 пікір 29 Қазан, 2010 сағат 07:22

Павлодар облысының Ақтоғай ауданында қуаты 8,5 мың тонна болатын көкөніс сақтау қоймасы ашылды

Павлодар. 29 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысының Ақтоғай ауданында жұма күні қуаты 8,5 мың тонна болатын көкөніс қоймасы ашылды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

«Бүгін маңызды тұсау кесерлердің бірі, бұл біздің Павлодар облысындағы алғашқы жобаларымыздың бірі», - деді «ҚазАгро» АҚ басқарма төрағасы Дулат Айтжанов, нысанды ашып тұрып.

Бірінші кезекте облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев «енді бізде жыл сайын көктемде туындап отыратын көкөніс тапшылығына қатысты мәселе шешімін тапты» деді.

Көкөніс сақтау қоймасының құрылысын «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырды. Оның жалпы құны Т311 млн 680 мың  болса, оның Т245 млн 414 мыңы «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан бөлінді.

Базасында қойма салынған«Ақтоғай – АГРО» шаруа қожалығының директоры Игорь Головашов«бүгіндері 2700 тонна картоп салынды» деп мәлім етті. «Келесі жылы көкөніс қоймасы картоп, қызылша және сәбізбен толығымен толтырылады. Сондай-ақ біз картоп егістігінің ауданы мен суармалы жер ауқымын ұлғайтпақшымыз», - деді шаруашылық басшысы.

Оның айтуынша, қоймада 38 жұмыс орны ашылған. Өнімді жинау маусымында бұл сан 100-120 адамға дейін көтеріледі.

Қоймада картоп сақталатын үлкен бөлмелер салынып, желдеткіш салқындатқыш жабдықтар,  «AgroTecInt»компаниясынан арнайы техникалар сатып алынған. Жоба бойынша көкөністі сақтау мерзімі 9-10 ай болмақшы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377