БҚА азық-түлік нарығының бірқатар субъектілерінің тағам өнімдерінің бағасын заңсыз өсіргені үшін монополиялық кірістерін тәркілейді
Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі (БҚА) Қазақстанның азық-түлік нарығының бірқатар субъектілерінен тағам өнімдерінің бағасын заңсыз қымбаттатқаны үшін монополиялық кірістерін тәркілеуді жоспарлап отыр.
«Басқарманың отырысында азық-түлік нарығының бірқатар субъектілеріне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің монополиялық кірістерін тәркілеумен айыппұл санкцияларын қарастыратын 147 бабы 2 бөлімі бойынша әкімшілік істер қозғау туралы шешім қабылданды», - делінген БҚА баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оған сәйкес, Қостанай («ТК Арлан» ЖШС, «Табыс ЛТД» ЖШС), Алматы («ТС Маркет» КФ ЖШС), Петропавл («Сигма Импорт» ЖШС, «Савенков Владимир Александрович» ЖК, «Таткрафт инвест» ЖШС, «Пекари Агро» ЖШС, «Вэлта» ЖШС, «Көктөбе-Қызылжар» ЖШС) қалаларының өсімдік майы мен қарақұмық жармасының жеткізушілерінің жоғары баға белгілеп, негізсіз табыс табуға бағытталған бәсекелестікке қарсы алдын ала келісілген әрекеттері анықталған.
«Аталған нарықтың субъектілері бұған дейін арзан бағаға сатып алған өсімдік майы мен қарақұмық жармасының бағасын спекулятивті түрде қымбаттатқан», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Қарағанды облысының ұн өндірушілерінің ( «Мука Трейд» ЖШС, «Мутлу Маркетинг»ЖШС) әрекеттерінен де монополияға қарсы заңнаманы бұзудың осындай белгілері анықталды.
«Жоғарыда аталған ұн өндірушілердің қызметін тексеру барысында бағаны өсіруге себеп болмағанын, ұн бағасы алдын ала сөз байласудың нәтижесінде қымбаттатылғаны белгілі болды», - делінген БҚА хабарламасында.
«Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-іне қатысты басымдықты орнын пайдалана отырып, нанға монополиялық жоғары белгілегені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысындағы құс етін жеткізуші «Өскеменнің құс фабрикасы» АҚ-ның әрекеттерінен де монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталған.