МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ МАЗМҰНЫ ЖОҒАРЫ БОЛУЫ ТИІС
сонда ғана көрерменнің көбеюіне жол ашылады
Кеше облыс әкімі Бергей Рысқалиевтың төрағалығымен кезекті селекторық кеңес өтіп, онда облыстық мәдениет басқармасының сегіз айдағы атқарған жұмыстары туралы талқыланды.
Бұл жөнінде облыстық мәдениет басқармасының бастығы Серік Мұхамбетов баяндама жасады. Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 258 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде мемлекеттік - 254 мәдениет және өнер мекемелері (140 кітапхана, 82 клубтық мекемелер, 8 автоклуб, 1 театр, 13 музей, 2 концерттік ұйым, 1 кинотеатр, 2 киноқондырғы, 1 облыстық халық шығармашылығы орталығы, 1 ескерткіштерді қорғау инспекциясы, 2 музей-қорығы, 1 тарих және археология орталығы) бар .
Жоғары білімді 532 маман, арнаулы орта мамандығы бар 717 адам жұмыс істейді. Ал театрларда 150 қызметкер істейді.
Жоғары оқу орындарын тәмамдаған 16 жас маман Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрына, 3 маман Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияға, халық шығармашылығы орталығына - 3, Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханға 2-і маман қабылданды.
Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға барлығы 25484,1 мың теңге бөлінді.
сонда ғана көрерменнің көбеюіне жол ашылады
Кеше облыс әкімі Бергей Рысқалиевтың төрағалығымен кезекті селекторық кеңес өтіп, онда облыстық мәдениет басқармасының сегіз айдағы атқарған жұмыстары туралы талқыланды.
Бұл жөнінде облыстық мәдениет басқармасының бастығы Серік Мұхамбетов баяндама жасады. Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 258 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде мемлекеттік - 254 мәдениет және өнер мекемелері (140 кітапхана, 82 клубтық мекемелер, 8 автоклуб, 1 театр, 13 музей, 2 концерттік ұйым, 1 кинотеатр, 2 киноқондырғы, 1 облыстық халық шығармашылығы орталығы, 1 ескерткіштерді қорғау инспекциясы, 2 музей-қорығы, 1 тарих және археология орталығы) бар .
Жоғары білімді 532 маман, арнаулы орта мамандығы бар 717 адам жұмыс істейді. Ал театрларда 150 қызметкер істейді.
Жоғары оқу орындарын тәмамдаған 16 жас маман Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрына, 3 маман Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияға, халық шығармашылығы орталығына - 3, Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханға 2-і маман қабылданды.
Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға барлығы 25484,1 мың теңге бөлінді.
Жол картасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарына (Жол картасы) сәйкес 2009 жылы күрделі жөндеуден өткізуге 3 әлеуметтік-мәдени объекті енгізілді.
Сондай-ақ Махамбет ауданындағы «Хан ордалы Сарайшық» мұражай-қорығын күрделі жөндеуден өткізуге Исатай ауданының Тұщықұдық селосындағы Мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне жеткілікті қаржы бөлініп, 80 адамға жұмыс көзі ашылды.
Қазіргі таңда облыстық мәдениет басқармасы бойынша күрделі жөндеуге ұсынылған объектілер толықтай жөндеуден өткізіліп, бөлінген қаржы толықтай игерілді.
Есепті мерзімде шешімін тапқан өзекті мәселерде аз болған жоқ. Атап айтқанда облыс әкімі Б.С.Рысқалиевтың тікелей қолдауымен соңғы үш жылда мәдениет саласындағы орын алып келген өзекті мәселелер өз шешімін табуда. Соңғы 4 жылда 10 клуб, 1 мұражай, 1 археологиялық орталық, 6 кітапхана ашылды.
Осы сияқты облыстың 2008-2010 жылдарға арналған «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасының орындалысында да біраз ұнамды жұмыстар бар.
Бағдарламада қаралған 12 шараның қазіргі мезгілде 6-ы іске асырылды. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен облыстық тарих және археология орталығы ашылды. Осы орталық бағдарламаға сәйкес облыс аумағында жаңадан археологиялық және сәулет ескерткіштерін анықтау мақсатында Жылыой ауданындағы «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты территорияда зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде жаңадан анықталған 37 ескерткіштерге қорғау аймақтары белгіленді.
Облысымыздағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі жасақталып, Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы арнайы Мемлекеттік комиссиясының қарауына 313 ескерткіш тізімге енгізуге, 84-і шығаруға ұсынылды.
Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандарының аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра кешендеріне инспекторлық тексеріс, ал Индер, Қызылқоға аудандарында археологиялық экспедиция жұмыстары жүргізілді. Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ескерткіштердің қатары 27 объектімен көбейді. Оның ішінде Батысқазақстандық архитектуралық өнерінің туындылары болып табылатын 22 архитектуралық ескерткіш және 5 археологиялық ескерткіштер бар.
Облысымыздың мәдениет салаларында осындай оң істермен қатар шешімін күткен мәселердің бары да айтылмай қалмады.
Облыс аудандарында мәдениет үйлерінің ғимараты соңғы рет 1985 жылы, ал Атырау қаласындағы облыстық балалар кітапханасы 1970 жылы, Махамбет атындағы қазақ драма театры 1975 жылы салынғанын, 1999 жылы облыстық тарихи өлкетану және облыстық өнер музейлері, ал 2000 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығы күрделі жөндеуден өткенін ескерсек, облысымызда көптеген мәселелердің қордаланғанын білуге болады.
Бүгінгі күні көптеген клубтар мен кітапханалардың жеке ғимараттары жоқ, мектептердің акті залында, немесе басқа мекеменің иелігіндегі ғимараттардың бір бөлмесінде орналасқан. Яғни мәдениет ошақтарының жалпы материалдық - техниқалық базасы қазіргі заман талабына сай келмейді. Сондықтан облыстың мәдениет саласындағы маңызды мәселелер мәдениет ошақтары жоқ ауылдық елді мекендерде клуб, кітапханаларды ашу, авариялық жағдайдағы мәдениет ошақтарын жаңа ғимаратқа көшіру, немесе күрделі жөндеу өткізу болып табылады.
Облыс әкімінің тапсырмасымен облыстағы мәдениет кәсіпорындарына мониторинг жасалды. Тұрғындар саны 1000-нан асатын 15 елді-мекенде клубтар, 6 елді-мекенде кітапхана жоқ.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу керек. Облыстың тұрғындарының әл ауқатының жақсаруына байланысты облысқа 1500 адамдық концерттік зал қажеттілігі туындап отыр.
Д.Нүрпейісова атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінің, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының, Атырау облыстық тарихи және археология орталығының жеке ғимараттары жоқ.
Мәдениет мекемелерінде қызмет етуге келген жас мамандар үшін тұрақты пәтердің болмауы үлкен мәселе болып отыр. Соңғы рет 2000 жылы мәдениет қызметкерлеріне пәтер берілген болатын. Ал қазіргі мезгілде 19 маман пәтерге мұқтаж болып отыр. Облыста жас мамандар үшін, мастер-класстар өткізуге шақырылған белгілі өнер шеберлерін орналастыруға мәдениет басқармасының жанынан жатақхана, немесе қызметтік үй салу қажеттілігі туындап отыр.
Музейлердің жәдігерлерін, кітапханалардың кітап қорын жаңартуға қаржы төрт жылдан бері бөлінбеген. Ал мәдениет мекемелеріне қажетті автокөліктер соңғы рет 2002 жылы алынған.
Жалпы облыстағы мәдениет мекемелерінің, театрдың, филормонияның, халық шығармашылығы орталығының, селолық елді мекендерде орналасқан мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базаларын (дыбыс, жарық беру аппаратуралар, музыкалық аспаптар, сахна киімдері, кеңсе жиһаздары) қазіргі заман талабына сай жаңарту, гастролдерге шығуға қаржы бөлу, сұранысқа орай қажетті автокөліктермен қамтамасыз ету, алыс және мәдениет ошақтары жоқ елді мекендерді қамтитын «Видеомобиль» автокөліктерін сатып алу бүгінгі күннің өткір проблемасына айналып отыр
Облыс әкімі Бергей Рысқалиев облыстың мәдениет саласында атқарылған жұмыстарын сараптай келе, алда атқарылуға тиісті мәселелерге назар аударды.
Облыста мәдениет саласын жақсарту үшін маман кадрлардың қажеттілігі туып отыр. Жұмысқа шақырылған мамандарды үй- жаймен қамту басты міндеттің бірі болуы керек. Дәрігерлер мен мұғалімдерді пәтермен қамтамасыз ету жақсы дәстүрге еніп отыр, биыл облыс бойынша 448 пәтер берілуі тиіс. Облыс әкімі мәдениет қызметкерлеріне де осындай пәтерлерді бөлу қажеттілігі жөнінде бағдарлама жасақтауды қала әкіміне тапсырды. «Жол картасы» бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, мәдениет саласына қатысты обектілер салынуы тиіс. Ал мүмкіндік болмай жатса, облыс әкімі тарапынан көмек болатындығын, сондықтан облыс әкімінің орынбасарлары С.Аманғалиев пен Н.Нұрбековке алдағы 4 жыл аралығында қала, аудан деңгейінде қажетті мәдени объектілердің тізімдерін жасақтауды тапсырды. Тағы бір проблема ауыл, селолардағы мәдени объектілерді жөндеу, немесе салу бағытында ауылдық, селолық округ әкімдерінің қауқарлары жетпейді. Сондықтан аудандағы ауылдық, селолық округтердегі мәдени объектілерді аудан әкімі тікілей өздері қолға алулары керек. Облысымызда мәдени ескерткіштерді сақтау, оны есепке алуға жете көңіл бөлінуі тиіс. Облыста облыс, республика деңгейінде жатпайтын ескерткіштерді есепке алу үрдісі бар. Мүмкіндігінше облыс, республика деңгейінде болуға тиісті ескерткіштерді қайта тізімдеу қажеттігін ескерген жөн.
Тағы бір ескеретін жағдай, театрда жаңа спектакельдер дайындалып, ол көрермендерге жылына екі-үш рет көрсетілуден аспайды. Бұл сахнагерлердің еңбектерін бағаламау деген сөз. Сондықтан спектакельдерді көрермендерге жиі көрсетіп тұрған жөн, ол үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы спектакельдерді жиі насихаттап отырса, көремендерді көптеп тартуға ықпалы болары анық. Сол сияқты филормонияда қойылатын концерттік жарнаманың көрнекілігі нашар, мұның да тартымды болуына көңіл бөлінсе артық болмайды.
Міне, кезекті селекторлық кеңесте облыс әкімі мәдениет саласында осындай нақты тапсырмалар берді.
Ғ.ЗИНУЛЛИН.