Жексенбі, 24 Қараша 2024
Бетбұрыс 6246 0 пікір 1 Маусым, 2017 сағат 08:59

«Емханаға тіркел де, статусыңды анықта!»

Соңғы кезде елімізде өзекті болып жүрген тақырып – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. 2017 жылғы 5 сәуірден бастап  «Емханаға тіркел де, статусыңды анықта!» атты кампаниясы басталған болатын.  Жаңадан енгізілгелі жатқан бұл жүйені Талдықорған қаласында ерекше түрде түсіндіретін промоакция өтті. Промоакция Талдықорған қаласының Жастар саябағында «Емханаға тіркел де, статусыңды анықта!» ұранымен өтті.

Жастар саябағында серуендеп жүрген халықтың назарын флешмобпен өзіне қаратқан жастар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері  әлеуметтік міндетті медициналық сақтандырудың шарттарын, оның мақсатын түсіндіретін жарнама парақшаларын үлестірді.

«Біз бұл шараны белсенді әрі әсерлі түрде өткізу мақсатында флешмоб форматын таңдадық. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысу үшін алдымен өз статусыңызды анықтауыңыз керек. Оны Халыққа қызмет көрсету (ЦОН), жұмыспен қамту орталықтарынан біле аласыз. Қоғамымызда әр азамат өзінің статусын емханаға бармай-ақ электронды үкімет арқылы да таңдай алатын мүмкіндігі барын білуі қажет», - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Жанна Арынбекова.

Қалалық  Жастар саябағында, фонтаннның жанында  тақырыпқа сәйкес флешмобты Талдықорған қаласының медициналық колледжінің студенттері биледі. Флешмобтың әсерлі болғаны сондай, билеп жүрген студенттермен қоса серуендеуге келген талдықорғандықтар да қолдай кетті.   Осындай әсерлі флешмобпен елдің назары ауған шарада міндетті әлеуметтік сақтандырудың шарттары түсіндірілді.

Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың маңыздылығын да айтты. «Осындай промоакциялардың арқасында халық кеңінен ақпараттандырылады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлнар Жүнісова.

«Бүгінгі  промоакцияға 150-ден астам азамат қатысты. Егер жауын жаумаса қатысушылардың саны бұдан да көп болар еді. Біз шараға барлық азаматтардың қатыса алуын алдын ала ойластырып, халық көп жиналатын қалалық саябақты таңдадық.  Промоакцияға негізінен жастар қатысты, дегенмен еліміздің болашағы жастар емес пе?! Жалпы осындай шаралар халықты тезірек ақпараттандыруға, денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтарды ең біріншілердің қатарында білуге көмектеседі», - деді Гүлнар Рахимбекқызы.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5565