Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Экономика 4527 0 пікір 11 Мамыр, 2017 сағат 11:51

"Самұрық-Қазына" тағылымгерлер қабылдауда

«Самұрық-Қазына» Қоры ұлттық компанияларда ұзақ мерзімді ақы төленетін оқу  және тағылымдамадан өту үшін, жоғарғы оқу орындарының 20 түлегін таңдап алады.

Бұл туралы Астанадағы ақпараттық сессияда «Самұрық-Қазына» АҚ  адам ресурстарын басқару және коммуникациялар басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев мәлімдеді.

Тағылымдамадан өтушілерді таңдау 2017 жылы сәуір айында басталған «Жас Өркен» екі жылдық бағдарламасы аясында өткізіледі. Бұл - дарынды жастарды тарту, іріктеу, тағылымдамадан өткізу, оқыту және дамыту бойынша Қор бастамасы.

«Бағдарлама бойынша, Қор Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының түлектері арасынан 20 түлекті, атап айтқанда Қазақстан азаматтарын таңдап алып, екі жыл бойы олары өзінің компанияларында оқытып, тағылымдамадан өткізеді», - деп айтып өтті «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің директоры Гүлмира Раисова.

Төрт кезеңді конкурс қорытындысы бойынша таңдалып алынған 20 тағылымгер «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінде және Мәскеуде Deloitte білім беру орталығында оқу курсынан өтеді. Одан кейін, жас мамандар елдегі жетекші ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Қорда хабарлағандай, оқыту бағдарламасының ұзақтығы - 5 апта, тағылымдама - 20 ай, 5 айдан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әр-түрлі төрт кәсіпорындарында өтеді. Тағылымгерлер тағылымдаманың толық мерзімінде стипендия алады,  тағылымдамадан өтетін жерге дейінгі жолақысы төленеді және орналастыру шығындары өтеледі.

«Жобаның маңызды ерекшелігі – ол студенттерге мансаптарын бастауға көмек беру ғана емес. Біз осы  балаларды таңдап алып және екі жыл бойы оқыта отырып, олардың әрдайым дамый берулері үшін бүкіл қызмет жолдарын, өсулерін бақылап отырамыз, сайып келгенде олар 15-20 жылдан кейін компанияларды басқаратын топ-менеджерлер болып шығады», - деп мәлімдеді Ұлан Тәжібаев.

Конкурсқа қатысуға өтініштер бағдарламаның ресіми сайтында– www.skcu.kz/zhasorken 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2059