Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 56689 0 пікір 17 Қыркүйек, 2010 сағат 14:01

Қазақстандағы қазақтардың саны мен үлесі

(1926-1959 жж.)

Жетпіс Талдыбаев, тарихшы, заңгер

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша Қазақстанның аумағында тұрған тұрғылықты халықтардың саны 6500895 адамды құраған. Олардың 537820-сы, яғни 8,3 пайызы қалаларда, ал 5963075-і, демек 91,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрған еді. Енді олардың арасындағы қазақтардың саны 3713394 адамды құрап, республика халқының 57,1 пайызы болса, ал орыстар қатары қазақтардың сандық үлесінен (243315 адамға) яғни 37,4 пайызға төмендеу 1279979 адамды құрап, демек 19,7 пайыз болған екен. Ал қала тұрғындарының ішіндегі қазақтардың саны мен үлесі 77554, яғни 2,1 пайыз болса, ал орыстардың қатары 283767, демек 22,2 пайызды құрап, қазақтардың санына қарағанда орыстардың сандық үлесі (206213) яғни 20,1 пайызға жоғары болған екен. Енді ауылдық жерлерде тұрған қазақтардың саны 3635840, яғни 97,9 пайыз болса, ал орыстардың қатары 996212, демек 77,8 пайызды құрап, қазақтардың саны орыстардың санына қарағанда (2639628 адамға) яғни 20,1 пайызға басымдау болғанын көреміз [1].

(1926-1959 жж.)

Жетпіс Талдыбаев, тарихшы, заңгер

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша Қазақстанның аумағында тұрған тұрғылықты халықтардың саны 6500895 адамды құраған. Олардың 537820-сы, яғни 8,3 пайызы қалаларда, ал 5963075-і, демек 91,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрған еді. Енді олардың арасындағы қазақтардың саны 3713394 адамды құрап, республика халқының 57,1 пайызы болса, ал орыстар қатары қазақтардың сандық үлесінен (243315 адамға) яғни 37,4 пайызға төмендеу 1279979 адамды құрап, демек 19,7 пайыз болған екен. Ал қала тұрғындарының ішіндегі қазақтардың саны мен үлесі 77554, яғни 2,1 пайыз болса, ал орыстардың қатары 283767, демек 22,2 пайызды құрап, қазақтардың санына қарағанда орыстардың сандық үлесі (206213) яғни 20,1 пайызға жоғары болған екен. Енді ауылдық жерлерде тұрған қазақтардың саны 3635840, яғни 97,9 пайыз болса, ал орыстардың қатары 996212, демек 77,8 пайызды құрап, қазақтардың саны орыстардың санына қарағанда (2639628 адамға) яғни 20,1 пайызға басымдау болғанын көреміз [1].

1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда тұр­ған халықтардың саны 6151102 адамды құрады. Олардың 1710027-сі, яғни 27,8 пайызы қалаларда, ал 4441075-сі, демек 72,2 пайызы ауылдық жерлер­де өмір сүрген еді. Енді олардың ішіндегі қазақтардың саны 2327625 адам болып, республика халқының 37,8 пайызын құраса, ал орыстар қатары қазақтардың сандық үлесінен (121503 адамға) яғни 2,0 пайызға басымдау 2449128 адамды құрап, демек 39,8 пайыз болған екен. Ал қала тұрғындарының арасындағы қазақтардың саны мен үлесі 374675, яғни 16,1 пайыз болса, ал орыстар қатары 977876, демек 39,9 пайызды құрап, қазақтардың санына қарағанда (603261) яғни 23,8 пайызға артығырақ болған екен. Енді ауылдық жерлерде тұрған қазақтардың саны 1953010, яғни 83,9 пайызды құрап, ал орыстардың қатары 1471252, демек 60,1 пайыз болса, қазақтардың саны орыстарға қарағанда (481758 адамға), яғни 23,8 пайызға жоғары болған екен [2].

1959 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанның аумағындағы халықтардың саны 9309847 адамды құраған. Олардың 4067224-і, яғни 43,7 пайызы қалаларда тұрып, ал қалған 5242623-і, демек 56,3 пайызы ауылдық жерлерде тұрған еді. Енді олардың арасындағы қазақтардың саны 2794966 адамды құрап, республика халқының 30,0 пайызы болса, ал орыстар қатары қазақтардың сандық үле­сі­нен (1179263 адамға) яғни 12,7 пайызға жоғары­лау 3974229 адамды құрап, демек 42,7 пайыз болған екен. Ал қала тұрғындарының ішіндегі қазақтардың санымен үлесі 678531, яғни 24,3 пайыз болса, ал орыстар қатары 2343282, демек 59,0 пайызды құрап, қазақтардың санына қарағанда (166475 адамға) яғни 34,7 пайызға артығырақ болған екен. Енді ауылдық жерлерде тұрған қазақтардың саны 2116435, яғни 75,7 пайыз болса, ал орыстардың қатары 1630947, демек 41,0 пайызды құрап, қазақтардың санын орыстардың санымен салыстырғанда (485488 адамға), яғни 34,7 пайызға жоғары болғаны байқалады [3].

Қазақстан халқының саны 1926-1959 жылдары аралығында (1937 жылы - 1380712, ал 1939 жылы - 349793 адамға азайғанына қарамастан) 2808952-і адамға, яғни 69,8 пайызға өскені анықталып отыр. Ал осы жылдары Республикадағы қазақтардың тек саны ғана емес, үлесі де күрделі өзгерістерге ұшырап, өте төмендеп кетті: 1926 жылы олардың саны - 3713394 болса, 1937 жылы - 2181520, 1939 жылы - 2327625, ал 1959 жылы - 2794966 ғана еді. Осы жылдары Республиканың аумағында тұратын қазақтардың саны (1937 жылы - 1531874, яғни 58,7 пайыз, ал 1939 жылы - 1385769, демек 62,7 пайыз) 918428 адамға, яғни 75,3 пайызға кемігені байқалып отыр. Яғни осы 34 жыл ішінде қазақтардың  саны 22,9 пайызға кеміді, ал олардың  Республикадағы халықтардың арасындағы үлесі бұл жылдарда өте азайып, қазақтар өз Отанында аз ұлтқа айналды: 1926 жылы - 57,1 пайыз болса, 1937 жылы - 42,6 пайыз, 1939 жылы - 37,8 пайыз, ал 1959 жылы - 30,0 пайызға дейін төмендеді. Демек, қазақ ұлтының мұндай қасіретті тағдырды сол кездегі Кеңес Одағы, оның бір бөлігі болған Қазақстанның басынан кешірген ірі саяси-экономикалық және қоғамдық өзгерістерінде, солардың нәтижелері мен салдарынан туындаған еді.

1926-1959 жылдары Кеңес Одағы халқы 42 пайызға, ал Қазақстан тұрғындары 43 пайызға өссе, қазақтар Одақ көлемінде 9,5 пайызға (346 мыңға), республикада 25 пайызға (700 мыңға) кеміді. Олардың үлесі де Одақта 0,97 пайызға (2,7 пайыздан 1,73 пайызға), ал республикада 27,5 пайызға төмендеді: 1926 жылы 3,4 миллион (57,1 пайыз) болса, 1937 жылы 2,1 миллион (42,6 пайыз), 1939 жылы 2,3 миллион (2,3 пайыз), ал 1959 жылы 2,7 миллион (29,6 пайыз) еді [4]. Яғни 1930 жылдан бастап қазақтар өз отанында аз ұлтқа айналды. Оның негізгі себептері: табиғи өсімнің төмендеуі; әсіресе 1932-1933 жылдардағы ашаршылықта қазақтардың жаппай қырылуы; шетелдермен басқа аймақтарға көшіп кетудің кең өріс алуы; саяси қуғын-сүргін салдары; Ұлы Отан соғысындағы құрбандықтардың көп болуы және тағы басқалар.

Жалпы Одақ деңгейіне қарағанда Қазақстанда халықтың табиғи өсуі едәуір жоғары болғанын басып айтқан жөн. Мысалы, 1940 жылы Одақ бойынша табиғи өсу 13,2 промил(1 мың адам) болса, Қазақстанда 19,4 промильге жетіп, 6,2 промильге асып түскен. Соғыс жылдарынан соң бұл көрсеткіш көп өсті: 1950-1954 жылдары Одақ бойынша табиғи өсу коэффициенті 17,0 промиль болса, Қазақстанда 26,4 промильге, 1955-1959 жылдары Одақ та 17,6 промиль, ал Қазақстанда 29,1 промильге жеткен, яғни бұл екі кезеңде 9,1 промильден және 11,5 промильге артық болған. Қазақстан Одақта табиғи даму жөнінен 4-5 орынды тұрақты алып отырған. Дегенмен зерттеліп отырған кезеңнің алғашқы онбес-жиырма жылдары ішінде қазақтардың табиғи өсу деңгейі, республикадағы басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда, төмен болды. 1926-1927 жылдары бұл көрсеткіш қазақтарда 18,4 промиль және 21,0 промиль ғана болса, орыстарда 34,4 промиль және 32,9 промиль еді [5]. Шаруаларды ұжымдастыру жылдары және Ұлы Отан соғысы кезінде күрт төмендеген табиғи өсім кейінгі жылдары едәуір өсті: 1947 жылы 22,0 промиль, 1952 жылы 25,0 промиль, ал 1957-1959 жылдары 31,4 промильден 35,9 промильге дейін көтерілді. 1920-1930 жылдары туылған нәрестелер арасында ер балалар басым болды. 1958 жылы қазақтардың туу деңгейі респуб­лика бойынша 42 промильге жетсе, ұлттың аз шоғыр­ланған аймақтарында бұл көсеткіш едәуір жоғары болды. Мысалы, Павлодар облысында 49,0 про­миль, Сол­түстік Қазақстан облысында 47,5 промиль бол­ды [6]. Осындай жоғары табиғи өсу нәтижесінде қа­зақ ұл­тының 1960 жылдардағы демографиялық күрт дамуы­на (жарылыс) негіз жасалды.

Қазақтардың арасындағы көшіп-қону процесте­рінің күшті болуы нәтижесінде олардың терри­то­риялық орналасуында, яғни Кеңес Одағында, оның ішінде Қазақстанда және шетелдерде тұруында үлкен өзгерістер болды. Бұл өзгерістер әсіресе, 1920-1930 жылдары ауқатты шаруаларды тәркілеу, қазақтарды жаппай зорлап отырықшыландыру мен ұжымдастыру кезінде Кеңес Одағының басқа аймақтары түгіл, шет елдерге ауа көшуінің тікелей нәтижелері еді (600 мың).

1920-1930 жылдары қазақтардың сыртқа көшуі олардың өз республикасындағы саны мен үлесіне кері әсер етті. Дегенмен қазақтардың басым көпшілігі, үлесі азайғанына қарамастан, өз Отанында тұрып, өмір сүрді. Тек 1926-1939 жылдары арасында Одақтың басқа аймақтарында тұратын қазақтардың саны 868 мыңға дейін жетіп, үлесі 8,6 пайыздан 24,9 пайызға дейін өсті. Өз республикасында тұратын қазақтардың саны 1,300 мыңға жуық кеміп, үлесі 91,4 пайыздан 75,6 пайызға дейін төмендеді. Дегенмен кейінгі 20 жыл ішінде (1939-1959 жылдары) өз Отанында тұратын қазақтардың саны да, үлесі де өсе бастады: 1959 жылы Одақтың басқа аймақтарында тұратын қазақтар 22,8 пайыз (922 мың адам) болса, өз республикасындағылардың үлесі 77,2 пайызға жетті. Кеңес Одағының басқа республикаларында тұратын қазақтардың көбірек шоғырланған жерлері, Ресей (1939 жылы 10,0 пайыз, 1959 жылы 9,0 пайыз), Өзбекстан (8,9 пайыз және 7,9 пайыз), Түрікменстан (1,8 пайыз және 1,6 пайыз) және тағы басқалар [7].

1932-1933 жылдары жаппай ашаршылықта қырылған қазақтар саны жөнінде әр түрлі пікірлер бар [8]. Тек 1926-1927 жылдардың арасында, халық санақтарының ресми мәліметтері көрсеткендей, қазақтардың саны Одақ бойынша 1 миллион 106 мыңға, ал республика ішінде 1 мыңға кеміп кет­кенін де ескеруіміз керек. Біз С.Айымбетовтің: осы ашар­шылықтың құрбаны болған қазақтар 2,5 мил­лионға жуықтады деген болжамын қуаттаймыз [9].

Қазақ халқы, әсіресе оның зиялы қауымы мен партия Кеңес орындарындағы басшы қызметтегі белсенді азаматтар 1930 жылдары саяси қуғын-сүргінге көп ұшырады. Тек 1935-1938 жылдары 135 мың қазақ саяси репрессияның құрбаны болып, атылды [10].

Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстаннан 1 миллион 202 мыңнан астам адам армия қатарына шақырылса, оның 601 мыңнан астамы елге қайтып оралмаған, мұның 350 мыңынан көбі қазақ азаматтары еді. Сонда 1926-1959 жылдары арасында ашаршылықтан, саяси қуғын-сүргіннен және Ұлы Отан соғысынан да және т.б. көлденең жағдайлардың құрбаны болған, қазақтар саны 2 миллионнан 3 миллионға жуық болған деп болжауға негіз бар сияқты. Сонымен қатар республика халқының, оның ішінде қазақтардың осы зерттеліп отырған 34 жыл ішінде табиғи өсуі, жоғарыда көрсетілген теріс жағдайлардың зардабы салдарынан болған өлім-жітім орнын толтыра да алмады [11].

Ал енді 1926-1959 жылдары аралығындағы Қа­зақстанның әкімшілік аумақтық бөліну ерекшелік­тері бойынша республика халқының арасындағы қазақтардың саны мен үлесін аймақтардағы қалалар мен ауылдар бойынша (губернияларда, уездерде, округтерде және облыстарда) орналасу жағдайларын талдап және оны орыстардың саны мен салыстырып қарастырсақ, осы зерттеу аралығында Республика халқының аймақтарға шоғырлануы мен санының өсіп-кеміген қарқынын бес экономикалық аймақтарға (Оңтүстік, Солтүстік, Орталық, Батыс және Шығыс Қазақстанға) бөліп қарастырсақ, 1926-1959 жылдары аралығында болған тарихи өзгерістер мен халықтың саны мен құрамына әсер еткен жағдайлар бұл аталған аймақтардан демографиялық сипатын барынша өзгерістерге түсіргенін көрсетеді.

Осы аралықта (1926-1959 жж.) Қазақстанның Оңтүстік аймағында тұратын халықтардың саны 1169361 (12 есе) адамға көбейіп, 63,6 пайызға өссе, олардың арасында қазақтардың саны 233405-ке (83,7 пайызға) кемісе, ал орыстардың қатары керісінше 943593-ке (19,3 пайызға) артқан еді. Ал қала тұрғындарының саны 1145208-ге, яғни 14,6 пайызға артып, оның ішінде қазақтардың қатары 229253-ке (10,5 пайызға) жоғарыласа, ал орыстардың саны 671917-ге (10,1 пайызға) өскен екен. Енді ауылда тұратындардың саны 24153-ке, демек 98,7 пайызға көбейіп, оның ішінде қазақтардың қатары 462658-ге (67,2 пайызға) кемісе, ал орыстардың саны керісінше 271676-ға (35,7 пайызға) өскен еді.

Солтүстік аймақта тұратын халықтардың саны 1152497 (11 есе) адамға өсіп, 58,1 пайызға артты. Олардың арасында қазақтардың саны 41863-ке (92,4 пайызға) кемісе, ал орыстардың қатары керісінше 765599-ға (38,4 пайызға) жоғарылаған еді. Ал қалада тұратындарының саны 750059-ға, яғни 12,4 пайызға жоғарлап, оның ішінде қазақтардың қатары 84966-ға (10,0 пайызға) артса, ал орыстардың саны 438704-ке (13,7 пайызға) көбейген екен. Енді ауылда тұратындардың саны 402438-ге, демек 78,8 пайызға өсіп, оның ішінде қазақтардың саны 126829-ға (76,7 пайызға) азайса, ал орыстардың саны керісінше 326895-ке (55,5 пайызға) артқан еді.

Батыс аймақта тұратын халықтардың саны 172324 (2 есе) адамға азайып, 86,1 пайызға кеміген. Олардың арасында қазақтардың саны 362762-ге (60,5 пайызға) төмендесе, ал орыстардың қатары керісінше 149828-ге (53,6 пайызға) өскен еді. Ал қалада  тұратындарының саны 351844-ке, яғни 27,7 пайызға жоғарылап, оның ішінде қазақтардың қатары 129831-ге (10,6 пайызға) артса, ал орыстардың саны 149902-ге (29,4 пайызға) көбейген екен. Енді ауылда тұратындардың саны 524168-ге, демек 54,2 пайызға кеміп, оның ішінде қазақтардың қатары 492593-ке (45,5 пайызға) кемісе, ал орыстардың саны 74-ке (99,9 пайызға) азайған еді.

Шығыс аймақта тұратын халықтардың саны 54704 (1 есе) адамға кеміп 95,8 пайызға төмендеген. Олардың арасында қазақтардың саны 389528-ге (45,5 пайызға) азайса, ал орыстардың қатары керісінше 357419-ға (52,7 пайызға) көбейген еді. Ал қалада тұратындарының саны 502211-ге, яғни 19,3 пайызға көбейіп, оның ішінде қазақтардың қатары 58874-ке (27,2 пайызға) жоғарыласа, ал орыстардың саны 384589-ға (16,0 пайызға) артқан екен. Енді ауылда тұратындардың саны 556915-ке, демек 53,2 пайызға кеміп, оның ішінде қазақтардың саны 448402-ге (35,3 пайызға) кемісе, ал орыстардың саны 27170-ке (91,6 пайызға) азайған еді.

1926 жылғы санақта Орталық аймақта тұратын халықтарға байланысты мәлімет берілмегендіктен, 1959 жылғы осы аймақта тұратын халықтың санын 1939 жылғы санақтың мәліметтерімен салыстырып анықтауға тура келеді. Сонымен 1939 және 1959 жылдар аралығында Орталық аймақта тұратын халықтардың саны 600345 (6 есе) адамға өсіп, 41,1 пайызға көбейген болса, олардың арасындағы қазақтардың саны 58371-ге (70,0 пайызға) жоғарыласа, ал орыстардың қатары 296431-ге (38,6 пайызға) артқан еді. Ал қалада тұратындар­дың саны 562339-ға, яғни 29,5 пайызға жоғарылап, оның ішінде қазақтардың қатары 55201-ге (44,7 пайызға) артса, ал орыстардың саны 283098-ге (32,1 пайызға) өскен екен. Енді ауылда тұратындардың саны 38006-ға, демек 82,8 пайызға артып, оның ішінде қазақтар­дың саны 2170-ке (97,7 пайызға) көбейсе, ал орыстар­дың саны 13333-ке (79,6 пайызға) өскен еді [12].

Қазақтардың республиканың аймақтарында XX ғасырдың басында қалыптасқан дәстүрлі орналасуы бұл жылдары да сақталып, өз ерекшеліктерін анықтай түсті. 1926 жылы республикада тұратын қазақтардың негізгі бөлігі 1439277-і, яғни 39,7 пайызы Оңтүстік аймақта тұрса, Батыс аймақтағы қазақтардың саны 919483, демек 25,3 пайыз болып, ал Солтүстік аймақтардағылардың қатары 554215, яғни 15,3 пайызды құраса, Шығыс аймақта бар болғаны 714637-і, ғана қазақтар тұрған екен. Кейінгі 34 жыл бойында бұл қалыптасқан дәстүрлі орналасуға күрделі өзгерістер енген жоқ. Мысалы, 1959 жылы Оңтүстік аймақта тұратын қазақтардың саны 1205872-і, яғни 43,2 пайыз болса, Батыс аймақтағылардың қатары 556721-р, демек 19,9 пайызды құраған еді, енді Солтүстік аймақтағы қазақтардың саны 512352-і, яғни 18,3 пайыз болса, Шығыс аймақтағылардың қатары 325109-з, демек 11,6 пайызды құраса, ал Орталық аймақта тұратын қазақтардың саны бар болғаны 194912-і, яғни 7,0 пайыз болған екен [13].

1926 жылы республика тұрғындарының азырақ бөлігі 520510-ы, яғни 8,4 пайызы қалаларда болып, ал көбірек бөлігі негізінен 5675846-ы, демек 91,6 пайызы ауылдық жерлерде тұрды. 1939 жылы қалаларда тұратындардың саны (азырағы) 1710027-і, яғни 27,8 пайызды құраса, ал ауылдарда тұратындардың қатары (көбірегі) 44441075-і, демек 72,2 пайыз болған еді. Енді 1959 жылы қалалардағылардың саны (азырағы) 4067224-і, яғни 43,7 пайыз болса, ал ауылдағылардың қатары (көбірегі) 5242623-і, демек 56,3 пайыз болған екен. Демек, мұнан байқайтынымыз қалаларда тұратындардың санына қарағанда, ауылда тұратындарының қатары басымырақ екені байқалады. Енді бұлардың арасында 1926 жылы қазақтардың саны, қаладағылардың ішінде (азырағы) 73879-ы, яғни 2,0 пайыз болса, орыстардың қатары (азырағы) 280964-і, демек 22,0 пайыз болған еді, қазақтардың санын орыстардың санымен салыстырғанда (207085 адамға) 20,0 пайызға төменірек болған, ал ауылда тұратындардың 3553733-і, яғни 98,0 пайызы (көбірегі) қазақтар болса, 994091-і, демек 78,0 пайызы (көбірегі) орыстар болған еді, қазақтардың санын орыстардың санымен салыстырғанда (2559642 адамға) 20,0 пайызға жоғарырақ болған екен. Ал 1939 жылы қалалардағы қазақтардың саны (азырағы) 374615-і, яғни 16,1 пайыз болса, орыстардың қатары (азырағы) 977876-ы, демек 39,9 пайызы болған еді, қазақтардың санын орыстардың санымен салыстырғанда (603261 адамға) 23,8 пайызға төменірек болған, ал ауылда тұратындардың 1953010-ы, яғни 83,9 пайызы (көбірегі) орыстар болған еді, қазақтардың санын орыстардың санымен салыстырғанда (481758 адамға) 23,8 пайызға жоғарырақ болған екен. Енді 1959 жылы қалаларда тұратын қазақтардың саны (азырағы) 678531-і, яғни 24,3 пайыз болса, орыстардың қатары (көбірегі) 2343282-і, демек 59,0 пайыз болған еді, қазақтардың санын орыстардың санымен салыстырғанда (1664751 адамға) 34,7 пайызға төменірек болған, ал ауылда тұратындардың  2116435-і, яғни 75,7 пайызы (көбірегі) қазақтар болса, 1630947-і, демек 41,0 пайызы (азырағы) орыстар болған еді, қазақтардың санын орыстардың санымен салыстырғанда (485488 адамға) 34,7 пайызға жоғарырақ болған екен.

Енді осы аралықта қалаларда тұратын қазақтардың саны (1939 жылы 297061, яғни 14,0 пайыз) 600977 адамға, демек 22,2 пайызға өскен болса, керісінше ауылдардағы қазақтардың қатары (1939 жылы 1682830, демек 14,0 пайыз) 1519405 адамға, яғни 22,2 пайызға кеміген еді. Сонымен 1926 жылы республика тұрғындарының арасында қазақтардың 2,0 пайызы қалаларда болса, бұл деңгей 1939 жылы 16,1 пайызға артық, ал олардың қатары 1959 жылы 24,3 пайызға өскен екен. Ал 1926 жылы республика тұрғындарының арасында қазақтардың 9,0 пайызы ауылдарда болса, бұл деңгей 1939 жылы 83,9 пайызға төмендесе, ал олардың қатары 1959 жылы 75,7 пайызға кеміген еді. Демек ғасырлар бойы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанып келген қазақ халқының Кеңес өкіметі кезінде қалаларға шоғырлануы, іргелі мәдени орталықтарға жинақталуы баяу жүрді. Өйткені, бұл үдеріс табиғи жолмен жүргеннен гөрі сыртқы күштерге тәуелді болды [14].

1920-1930 жылдары ауыл шаруашылығындағы қызыл террор қалаларға арзан қара жұмыс күшін әкелумен бірге ауыл тұрғындарының қалаларға келуін көбейтті. Сондықтанда қала тұрғындарының қатары артып, аршындай өсіп келе жаттқан өндіріс орындары көптеген жаңа қалалар туғызды. 1926 жылы Қазақстанның аумағындағы 24 қалалық елді мекендерге 6 қала және 18 қала типтес кенттер жатқызылса, 1939 жылы олардың қатары өсіп, қала мен қала типтес 81 елді мекендердің 28-і қалада, ал 53-і қала типтес поселкілер болды. Енді 1959 жылы республика бойынша қалалардың саны 43-ке жетіп, 101-р қала типтес елді мекендердің 15-і қала да, ал 86-ы қала типіндегі поселкілер болған еді [15].

Қазақтар қала тұрғындарының ішінде аз болды, оның басты себебі - көпке дейін ауыл шаруашылығы басым болғандықтан қалалар өте баяу дамыды. Тек Кеңес заманындағы индустрияландырудың іске асуына байланысты қалалардың өсуі кеңінен өріс ала бастады. 1926 жылы республика бойынша 100 мың халқы бар бірде бір қала болған жоқ, ал тұрғындары 50 мыңнан асқан жалғыз қала Семей (56871 адам) ғана еді, олардың ішіндегі қазақтардың саны 8254, яғни 14,5 пайыз болса, ал орыстардың қатары 33000, демек 58,0 пайыз болған екен [16]. Дегенмен 1939 жылы Қазақстанда тұрғындары 100 мыңнан асқан үш-ақ қала: Алматы (296631 адам) олардың 40134-і, яғни 13,5 пайызы қазақтар, ал 202953-і, демек 68,4 пайызы орыстар болған. Қарағанды (235053 адам) оның 75527-і, яғни 32,1 пайызы қазақтар, ал 134108-і, демек 57,0 пайызы орыстар болды. Семей (153768 адам) оның 40641-і, яғни 26,4 пайызы қазақтар, ал 93107-і, демек 60,5 пайызы орыстар болған еді [17]. Енді 1959 жылға қарай бұл жағдай күрт өзгерді: тұрғындары 100 мыңнан асқан қалалардың қатары онға жетті, яғни үш есе өсті. Олардың қатарында: Алматы (654385 адам) олардың 66497-і, яғни 10,2 пайызы қазақтар, ал 45736-ы, демек 68,9 пайызы орыстар болды. Қарағанды (797392 адам) оның 101728-і, яғни 12,7 пайызы қазақтар, ал 417206-ы, демек 52,3 пайызы орыстар еді. Семей (228194 адам) оның 56120-ы, яғни 24,6 пайызы қазақтар, ал 133322-і, демек 58,4 пайызы орыстар болған. Шымкент (333251 адам) оның 72775-і, яғни 21,8 пайызы қазақтар, ал 145001-і, демек 43,5 пайызы орыстар екен. Өскемен (394396 адам) оның 24768-і, яғни 6,3 пайызы қазақтар, ал 324743-і, демек 82,3 пайызы орыстар болды. Целиноград (257699 адам) оның 39985-і, яғни 15,5 пайызы қазақтар, ал 129347-і, демек 50,2 пайызы орыстар еді. Жамбыл (201670 адам) оның 34228-і, яғни 17,0 пайызы қазақтар, ал 103702-і, демек 51,4 пайызы орыстар болған. Қостанай (187776 адам) оның 11931-і, яғни 6,3 пайызы қазақтар , ал 110422-і, демек 58,8 пайызы орыстар болған. Ақтөбе (174426 адам) оның 41881-і, яғни 24,0 пайызы қазақтар, ал 74836-ы, демек 42,9 пайызы орыстар болды. Гурьев (161766 адам) оның 93329-ы, яғни 57,7 пайызы қазақтар,ал 50230-ы, демек 31,1 пайызы орыстар болған екен. Бірақ қалаларда сырттан келген жұмысшылар, ма­мандар мен басқа әлеуметтік топтар өкілдері бола бергендіктен қазақтардың үлесі көп жоғарылай қойған жоқ. 1926-1959 жылдар аралығындағы қазақтардың саны 9 есе, ал үлесі 12 есе өскенімен (2,0 пайыздан 24,3 пайызға), олар барлық қала тұрғындарына 14 пен жете алмады. Солтүстік, Орталық және Шығыс аймақтарының қалаларында қазақтардың аз болуы (5 пайыздан 18 пайызға) дәстүрге айналса, кезінде республика астанасы болған - Алматыда 1926 жылы 7,0 пайызды құрап, 1939 жылы 13,5 пайыз болса, ал олардың қатары 1959 жылы 10,2 пайыз ғана болды.

Жоғарыда республиканың қала тұрғын­дарының ішіндегі орыстардың басым екендігін көрсеттік, дегенмен кейбір ірілеу қалаларда қазақтардың басымдылығы байқалады. 1959 жылы Жамбыл, Целиноград, Қарағанды және Пав­лодар қалаларындағы қазақтардың үлесі 18 па­йыздан асқан жоқ. Тек қазақтар басымырақ болған қалалар: Гурьевте - 57,7 пайыз, Қызылордада - 51,4 пайыз, Ақтөбеде - 24,0 пайыз, Семейде - 24,6 пайыз, Шымкентте - 21,8 пайыз болған еді [18].

Қорыта айтқанда 1926-1959 жылдар ара­лы­ғында республика халқының арасында қазақтардың саны 27,1 пайызға кеміген. Бұған себеп болған, экономикалық саясатты бұрмалаған, қазақ халқына қарсы қанды террор ұйымдастырған Ф.И.Голощекин басқарған Қазақстан өлкелік партия комитетінің басшылары еді.

Дегенмен де бұл кезеңде қазақ халқы үшін айтарлықтай өзгерістер болды. Республика халқының арасында қазақтардың саны мен құрамы және әлеу­меттік құрамында өзгерістер байқалды. Көпшілігі көш­пелі шаруашылықпен айналысатын халық оты­рық­шылыққа айналды, республика қалаларының саны мен халқы өсті. Қала халқының арасында қазақ­тар­дың саны көбейді. Қазақстан көп ұлтты елге айналды.

 

«Қазақ тарихы» журналынан

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406