Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Арандату 12994 12 пікір 6 Маусым, 2017 сағат 19:25

Мұстафа Шоқайдың суретін өшіруге кім бұйрық берді?

Бұл істі аяғына дейін жеткізу керек деп шештім. Əсілі ақиқат біреу дейміз. Ал, ол Ақтөбеде бірнешеу екен!

Үй қабырғасына салынып, соңынан өшірілген Мұстафа Шоқайдың суреті жайлы ақиқатты айтып отырмын. Кеше бұл жайында ашына жаздық. Ақиқатын əкімдік анықтар деп үміт күттік. Өкінішке қарай, сенген əкімдігіміз өтірікті сыпыра жауап беріп жатыр. Олар таратқан ақпаратта суретті жаңбыр шайып кетіпті -мыс.

Аруақпен, оның ішінде Мұстафадай арыстың аруағымен бұлай ойнауға болмайды. Əкімдіктің кімнің сөзіне сүйеніп айтып отырғанын білмеймін, өз басым бүгін күні бойы суретті тапсырыс берген компанияның басшысын да, оны салған суретшіні де тауып, телефон арқылы тілдестім.

Басшы жоғарының тапсырмасымен суреттің салынғанын, солардың бұйрығымен өшірілгенін растаса, суретші бояудың сапалы болғанын, ешқандай жаңбырдың оған зақым келтіруі мүмкін еместігін айтты.

Айналайын атқамінерлер - ау, өтірік айтудың да жөні бар шығар? Мынадай мəселеде тиянақты тексеру қажет! Сіздер бүкіл қазақтың намысына тиіп отырсыңдар.

Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ұлтымның ұлы перзентінің суретін өшіруге бұйрық берген адамды жауапқа тартуды талап етемін! Жəне де журналист ретінде бұл мəселені соңына дейін жеткізгенше тынбайтынымды мəлімдеймін!

Арман Сқабылұлы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048