«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін алғашқы күні 10 мыңнан астам адам тамашалады
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін алғашқы күні 10 мыңнан астам адам тамашалады. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Маған арнайы есеп әкелінді. Онда сағат 14:00-ге дейін көрмеге 9 832 адам келгені көрсетілген. Әрбір сағат сайын адамдардың саны көбеюде. Ал сағат 15:00-де көрмені 10 мыңнан астам адам тамашалады», - деді басқарма төрағасы.
Ахметжан Есімов әлемнің 115 мемлекеті қатысып жатқан маңызды шарада қауіпсіздік мәселесі басты назарда екендігін атап өтті.
«Әлемде болып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты көрменің қауіпсіздігіне баса мән берілді. Оны келген қонақтар сезінді», - деді ол.
Дәурен Ерболат
Baq.kz