Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Деп жатыр 8375 10 пікір 12 Маусым, 2017 сағат 03:47

Ұлттық пантеонды жырға қосқандарға "бәйге беріледі"

Құрметті менің қаламдас әріптестерім!

Аты жоқ қалада құрлысы басталып кеткен Ұлттық Пантеонды жабыла жырға қосайық!

Нағыз Жағымпаздық жарыстың теңдесі жоқ тамаша бір үлгісін көрсетейік!

Еңіреп тұрып, егіліп тұрып, шаттықтан шаттанып шалқып тұрып, керемет мақтанып балқып тұрып, шын жүректен тебірене жырға қосайық!

Ол ғажап жырды оқығандар, тебіреніп кетіп, Пантеонға қарай асығатын болсын!

Жарысқа түскендердің барлығына да бас жүлде беріледі!

Асығыңдар, ақындар?

Қане, жарыс басталып та кетті!..

Айтпақшы, "Ұлттық Пантеон жыр бәйгесіне" әділ қазылық жасайтындар мыналар:

Негізінен жағымпаздық қасиеттерімен ерекше көзге түскен:

Жаңымпаздықтың қай саласынан да тәжірибесі бар өнер қайраткерлері, жағымпаздық жағынан айрықша дарынды ақындар мен  жазушылар,

Бұл тұрғыдан аса танымал қоғам және мемлекет қайраткерлері, жоғары атағы мен ордендері барлар және т.б.

Бізде демократия дегендей, барлық іріктеу жария түрде ашық жүргізіледі! Ондай адамдарды тауып жатсаңыздар, олардың аты-жөндерін, атақ-ордендерін, кім екендіктерін атап ашық көрсетіп бізге ұсына аласыздар!

Қазір іріктеу жүріп жатыр!

Ат салысыңыздар!

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

 

 

10 пікір