Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3818 2 пікір 12 Маусым, 2017 сағат 07:18

Цицерон: "Білімді - оқығанына, көргенсіз - тәжірибесіне сүйенеді".

Ілгеріде, "туған" бола ма, әлде - "туылған" бола ма деп, біраз дүрлігіп алған едік. Осындай сәттер - қаншамыздың білім жетпей қалған жерде қисынды қосатынымызды көрсеткен. Ал білім әрқашан қисынды емес.

"Туған" деу - қисынға салсаң әрине, масқара іс. Барлығымыз, жынысымызға қарамастан дүние есігін жүкті болып ашып, туа сала... туған боламыз ба, түрі жаман бейне түзіледі әйтеуір. Ал енді, "атадан туған ұл" дегенді анайылықтың шегі деуге болады. Сосын-дағы қисынсүйгіштердің бүйрегі "туылғанға" бұрды.

Бұл жалғыз бізде емес. Айталық, омбылық - "омич" емес, "омчанин", тіпті " омскич" болуы керек. Мәскеулікті - "москвавец", әлде " москвач" деген қисынға келер еді (бұл туралы ресейлік дизайнер Лебедевтің посты да бар). Дегенмен, білімнің өз заңдары бар. Және ол қисыннан әлдеқайда алыс болады.

Қисын рахат: ештеңе жаттамай, мәселенің мәнін бірден түсіну мүмкіндігі еріншек адамды елітеді. Ал білім алу сондай іш пыстырарлық іс.

Алайда білімсіз аттап баса алмайсың. Қисынмен біраз жерге дейін жетуге болады. Білімнің шеті көрінгенге дейін. Амалсыз кері қайтуға тура келетіні жаман.

Ерлан Оспан

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443