Жұма, 2 Қазан 2026
5139 0 пікір 13 Маусым, 2017 сағат 08:04

БАҚ: Алматыда "қылмыстық топқа қарсы" арнайы операция өтті

Алматыда полиция "ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы" арнайы операция өткізді. Бұл туралы Қазақстандағы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

КТК телеарнасының ақпаратына қарағанда, тінту елдегі "ең ірі зауыттардың бірінде" жасалған. Бұл зауыттың иесін телеарна "қылмыстық топты басқарады, бопсалайды" деп суреттеді. Телеарна сайтында арнайы жасақ сарбаздарының, болжам бойынша, әйнек зауытындағы суреттері жарияланды.

12 маусым күнгі арнайы операцияны, кейбір ақпараттарға қарағанда, ҰҚК, ІІМ және прокуратура қызметкерлері ұйымдастырған. Әзірге арнайы хабарлама таратылған жоқ.

Өткен айдың соңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ұйымдасқын қылмыстық топтың қызметіне тоқсауыл қойғанын хабарлаған. Әлгі "топтың" бірнеше адамы ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 385
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 398
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 617