Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5493 2 пікір 13 Маусым, 2017 сағат 14:32

7 мың қазақстандық жалақысыз қалуы мүмкін

Жеті мыңға жуық қазақстандық жалақысын ала алмайтын болды. Яғни, Еңбек кодексіне енгізілген жаңа ережелер елге пайдасыз өндіріс ошақтарының санын қысқарта алмапты. Бұл туралы еңбек  және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

-Жаңа Еңбек кодексінде жұмыс берушелірге жеңілдіктер қарастырылған. Олар қиын жағдай туындағанда (экономикалық дағдарыс, апатты жағдайлар т.б.) жұмыскерлердің міндетті зейнетақы жарнасын аудармаса да болатын еді. Алайда, бұл жеңілдікті ешкім қолданған жоқ. 7,5 мың кәсіпорын әлі күнге 5% салымды салып келеді. Қазір олардың қарамағында 423 мың жұмысшы бар. Жұмыс істеуге қауіпті әрі зиянды жағдайда еңбек етіп жүргендер осыдан шығады, - дейді Тамара Дүйсенова.

Министр ханымның айтуынша, жұмыс беруші кәсіпорындар жұмыскерлерге қауіпсіз жағдай жасау үшін, бірнеше жеңілдіктер қарастырылғанын айтады. Соның ішінде, кейбір міндетті төлемдерден босату да қарастырылған екен.

Алайда, кәсіпорындардың қосымшы төлемі 2012 жылмен салыстырғанда едәуір өсіп кеткен. Деректерге сүйенсек, кәсіпорындар 2012 жылы 78 миллиард теңге компенсация төлесе, 2016 жылы бұл сома 100 миллиардқа жеткен.

Сондай-ақ, еңбек министрі елге жалақы бере алмай отырған кәсіпорындардың да көбейгенін атап өтті.

-Біз қарастырып отырған жеңілдіктерге қарамастан, жалақы бойынша жалпы қарыз 88 миллионға жетті. Ал кешіктіріліп жатқан жалақы мөлшері 1,7 миллиард теңге. Соның ішінде 82% қарыз немесе 1,4 миллиард теңге қайта даярларын жатқан кәсіпорындардың есебіне тиесілі. Бұл дегеніңіз 7 мыңға жуық адам жалақысыз дегенді білдіреді, - дейді министр ханым.

Абай ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475