Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2482 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 13:42

Мәсімов Шуваловпен және РФ мен БР кеден қызметтерінің басшыларымен КО елдерінің кеден органдарының өзара іс-қимылын талқылады

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ –Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының үкімет төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен, РФ федералдық кеден қызметінің басшысы Андрей Бельяниновпен және Беларусь мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Александр Шпилевскимен Кеден одағы елдерінің кеден органдарының тиімділігі мен өзара іс-қимылын талқылады.

«Кеден одағына қатысушы елдердің кеден органдарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды», - делінген премьердің баспасөз қызметі сәрсенбі күні таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, өткен дүйсенбіде Кеден одағы комиссиясының сарапшылары техникалық реттеу саласындағы 2011-2015 жылдарға арналған техникалық реттеу, санитарлық, фито-санитарлық, ветеринарлық шаралардың бірыңғай жүйесін дамыту стратегиясының жобасын қарап, мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, стратегияның жобасы белгіленген тәртіп бойынша Кеден одағының комиссиясына енгізу үшін тараптарға қайта қарауға ұсынылды.

КО комиссиясының баспасөз хатшысы Александр Корсуновтың хабарлауынша, сарапшылар және жұмыс топтарының мүшелері 2010-2011 жылдарға КО техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарының жобасын талқылаған. Тараптар келіскен соң жоспар белгіленген тәртіп бойынша комиссияның отырысына шығарылады.

Сонымен қатар, сарапшылар және жұмыс топтарының мүшелері техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар қолдану жөніндегі үйлестіру комитетінің 2010-2012 жылдарға жұмыс жоспарын қарады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588