ҰЛЫ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫ ТУРАЛЫ
УШЖ бойынша басылып отыр, т. 3, 9-17 б. Қолжазба ҒА архивінде сақтаулы (23 қор, 1-тізбе, 22/3-іс, 4-9 пп.) ВГО архивіндегі таза көшірмесі (разряд 70, 1-тізбе, 14-іс,) қазір қолда жоқ басқасынан көшірілген. Жарияланып отырған көшірме 1854-1855 жж., яғни, Іле өлкесін басып алу мен Верный бекінісінің қалануы уақытымен белгіленеді. Бұл серияны құруда Қазақстанның тарихы, географиясы, этнографиясы мен мәдениетіне қызығушылық танытып жүрген Г. Н. Потанин де қатысқан болуы мүмкін. Бірігіп жазғанын Г. Н. Потаниннің сөзі құптайды. Шоқанмен сұхбаттасқанда ол былай деп жазады: «мені қызықтырғанның барлығын есте сақтау үшін жаза бастадым, бұл жазбаларды алдымен мен қалтамда сақтап жүрдім.. Кейін... үлкен дәптер арнадым. Бұл кезде Қырғыз (қазақ) даласының географиясы мен этнографиясы мен үшін сүйікті шаруаға айналды және Шоқан өзінің әңгімелерімен дәптерімді толтыруға көмектесті. Осылайша біз екеуміз онда қазақтардағы құс салу дәстүрін толық суреттедік... Ол әңгімелеп отырды... мен жазып отырдым (қараңыз: Сочинения Ч.Ч. Валиханова, СПб., 1904. с. XVI)». Шамамен Г.Н. Потаниннің дәптеріндегі мақалалар («Қазақ моласы және жалпы көне кезең туралы», «Киіз үй», «Егіншілік туралы», «Қазақ оқ-дәрісінің құрамы») Ш. Уәлихановтың айтуымен жазып алынды, және онда Г.Н. Потаниннің хат жазу ерекшеліктері көрініс тапқан. Кейбір қолжазбаларда кейін Г.Н. Потаниннің қолымен жазылған абзацтар кездеседі.
УШЖ бойынша басылып отыр, т. 3, 9-17 б. Қолжазба ҒА архивінде сақтаулы (23 қор, 1-тізбе, 22/3-іс, 4-9 пп.) ВГО архивіндегі таза көшірмесі (разряд 70, 1-тізбе, 14-іс,) қазір қолда жоқ басқасынан көшірілген. Жарияланып отырған көшірме 1854-1855 жж., яғни, Іле өлкесін басып алу мен Верный бекінісінің қалануы уақытымен белгіленеді. Бұл серияны құруда Қазақстанның тарихы, географиясы, этнографиясы мен мәдениетіне қызығушылық танытып жүрген Г. Н. Потанин де қатысқан болуы мүмкін. Бірігіп жазғанын Г. Н. Потаниннің сөзі құптайды. Шоқанмен сұхбаттасқанда ол былай деп жазады: «мені қызықтырғанның барлығын есте сақтау үшін жаза бастадым, бұл жазбаларды алдымен мен қалтамда сақтап жүрдім.. Кейін... үлкен дәптер арнадым. Бұл кезде Қырғыз (қазақ) даласының географиясы мен этнографиясы мен үшін сүйікті шаруаға айналды және Шоқан өзінің әңгімелерімен дәптерімді толтыруға көмектесті. Осылайша біз екеуміз онда қазақтардағы құс салу дәстүрін толық суреттедік... Ол әңгімелеп отырды... мен жазып отырдым (қараңыз: Сочинения Ч.Ч. Валиханова, СПб., 1904. с. XVI)». Шамамен Г.Н. Потаниннің дәптеріндегі мақалалар («Қазақ моласы және жалпы көне кезең туралы», «Киіз үй», «Егіншілік туралы», «Қазақ оқ-дәрісінің құрамы») Ш. Уәлихановтың айтуымен жазып алынды, және онда Г.Н. Потаниннің хат жазу ерекшеліктері көрініс тапқан. Кейбір қолжазбаларда кейін Г.Н. Потаниннің қолымен жазылған абзацтар кездеседі. Тақырып аты Ш. Уәлихановтың осы еңбектерге жасаған сілтемесі негізінде беріліп отыр (қараңыз: ССВ, т. 1, с. 316).
1 Осы руларды тарату реті келгенде сөз етіледі – Автордың осы уәдесі өкінішке қарай, түпнұсқада да, кейіннен реттелген қағаздардың арасында да жоқ болып шықты.
2 Үйсін, ұйғыр, жонғарлардың билігі кезек-кезек ауысып тұрды – Ұйғырлар мен жоңғарларды Жетісудың байырғы тұрғындары деп санауға болмайды. Бұл жердің ертеден келе жатқан тайпалары үйсін одағына кірген, олардың ата-бабалары Жетісу сақтарынан тарайды. VI-VIII ғасырлардан бері Жетісудың байырғы тұрғындарына: чигилдер, түргештер, қарлұқтар, яғмалар, т.б. жатады. Олар бұрында өткен ата-бабалары сияқты қорғандар мен шаһарлар, тасқа ойып жазылған жазулар қалдырған. Жетісудағы жоңғар үстемдігі көпке созылмады (XVIII ғасырдың бірінші жартысы).
3 соңғыларын 1755 жылы қытайлар жаулап алды… – Ш. Уәлиханов осы жерде жоңғар халқының толық жеңілуі туралы қате түсінік береді. 50 жылдардың басында Әмірсана бастаған ойрат әскері Цин әскеріне қатты қарсылық көрсетіп, тек 1758 жылы ғана бірнеше сәтсіз жеңілістен кейін Жоңғар хандығы толық құлап, Цин империясының құрамына енді. (қараңыз: И. Я. Златкин «История джунгарского ханства» 1635-1750 гг. Изд. 2-е., М. 1983, сс. 279-304.
4 Рүстем сұлтан – Жамбыл поэмасының қаһарманы, Сыпатаймен замандас. Рүстем де, Сыпатай да Ұлы жүз қазақтарының Қытай мен Қоқанға қарсы ұлт-азаттық күресіне қатысқан. Мұрағат деректері Сыпатайдың кейіннен басқа жолға түскенін көрсетеді.
5 Тойшыбек бекінісі – әскери бекініс, Іле Алатауының етегіндегі Ақсай өзенінің жағасына Тойшыбек салдырған. Тойшыбек шапырашты, дулат руын билеген ірі бай болған, Қоқан ханының сенімді адамы. Бекіністі Карбышев отряды 1851 жылы қиратқан.
ҚАЗАҚ ОҚ-ДӘРІСІНІҢ ҚҰРАМЫ
УШЖ, т. 3, 21 б. мәтіні бойынша басылып отыр. Ерте кезде Г. Н. Потаниннің қолымен көшірілген қолжазба Ғылым академиясының архивінде сақталған (ААН, Ф. 23, Оп. 1, Д. 22/3, ЛЛ. 1-4).
1855 жылы жазылған «Іле өлкесі және Ұлы жүз туралы» мақалалар жинағына кіреді (қараңыз: «Іле өлкесінің географиялық очеркі» және «Ұлы жүз қазақтары туралы» мақалаларының аңызы).
Жұмыс бізге үш көшірмеде жетті, оның екеуі Ш. Ш. Уәлихановтың архивінде сақтаулы. (ААН, Ф. 23, Оп. 1; Д. 22/3; ЛЛ. 1-4 и Д. 8, ЛЛ. 26-26 об.) және таза көшірмесі ВГО архивінде сақталған (70 разряд, Оп. 1; Д. 14; ЛЛ. 33-35).
1 «қалмақ қорғандары» – шартты атау, қазақтар мұсылман дініне дейінгі кезеңдегі ескерткіштерді солай атаған. Ол мұсылман дініне дейінгі кезеңнің бәріне жағымсыз көзқараспен қараған Ислам таралуы тұсында пайда болды.
2 ...күкірт негізі бар-жоғын тексеру үшін – сөз калий селитрасы жөнінде, шағын бөліктегі сары және қоңыр фосфорды қазақтар ескі қоныстар мен молалардан алатын. Ол жерлерде көп сүйек жиналғандықтан, сор қабыршақтарында фосфор дақтары пайда болады.
ЕГІНШІЛІК ТУРАЛЫ
УШЖ, 22-26 бб. мәтіні бойынша басылып отыр. Оған негіз болған ВГО архивіндегі қолжазба көшірмесі (разряд 70,Оп.1, Д.14, Лл.42-49). Басқа көшірмесі Ш. Ш. Уәлихановтың мұрағатында сақтаулы (ААН, Ф.23, Оп.1, Д.22/3, Лл.9-15). Жарияланған көшірмеде өзгелерінде жоқ қазақтардың ауылшаруашылық құралдары және астықты сақтау тәсілі туралы мәліметтер бар. Оның бастапқы үшінші редакциясынан алынғаны көрініп тұр, сондықтан біз оны негізге алдық.
Бұл мақала 1855 жылы Г. Н. Потанинмен бірігіп жазылған «Іле өлкесі және Ұлы жүз туралы» мақалалар жинағына кіреді.
1 ташкенттіктердің ықпалында бола тұрып, қазақтар диқаншылық кәсібін үйренбеуі мүмкін емес еді... – көптеген орыс ғалымдарының ықпалымен Ш. Уәлиханов егіншіліктің ертедегі ошағын дәстүрлі көзқараспен түсіндіреді. Көшпелілердің барлық жетістіктері «тек көршілерден ғана келді» деген жаңсақ көзқарастарды әшкерелейтін жаңа тарихнамада еңбектер бар. Сондықтан да егіншілік кәсіптің Қазақстанға тән, қазіргі қазақтардың өз ата-бабаларына қатысты ертедегі егіншілік кәсіп туралы материалдар баршылық. (қараңыз: Хозяйство казахов на рубеже XIX–XX ғ. Алматы, 1980; СС. 137-149).
2 Ұлы жүзде көбінесе тары егеді... – тарыны қазақтар көбіне қыста қорек еткен. Қазақтар тарыдан талқан, тары көже (тарыны қайнатып, ашытқан сусын), ботқа (сүтке бөктірген тары) жасайды.
3 Қытай бидайын егу жақын арада енгізілді... – Шамасы, Ш. Уәлиханов Орта және Ұлы жүздің ертедегі егіншілік кәсібі туралы деректермен таныспаған болса керек, атап айтқанда 1768-1774 ж. академиялық экспедициялардың материалдарында (И. П. Фалок, К. Барданес) еңбектерінде Қытай бидайын көрсетілген аудандарда XVIII ғасырдың ортасында-ақ кең қолданғаны жайлы мәліметтер айтылған.
4 Шалақазақтар – этникалық тұрғыдан алғанда қазақтардың ұрпағы, бірақ олар қан араластырған, оларға жартылай көшпенділік тән.
Түркі және монғол
اوروغ – туыс, ру, лақап ат, есім
قوم – тайпа
اوكوس، بسيار اوكوس قوم، كثرتي – [есепсіздік, сансыздық, көптік]
اوتمك – өту, жылнамаларда өткен нәрсені көрсету үшін қолданылады
اولوغ بولوب اوتتي لار – ұлық болып, күшті болып өтті [дүниеден]
كچمك сөзі де сол мағынада – кешу, өту
اصل، اصلي – шығу тегі, түп тамыры
ايـري – күйеуі, ері
ايـر – ер, батыр
نچه – неше? көп, қалай, қаншалықты; тең, солай мағынасында
مطلـق – мүлде, толық, барлығы
توغان – туған
توغان اغا يني – туған аға, іні
تا – дейін, барыс септік жалғауын білдіреді
كـيم – [تا كـيم – сол кезге дейін, әзірше]
پـیـدا – [пайда болу]
نـسـل – тұқым, ұрпақ
سـونکره، سـونكرتـيـن – соңыра, соңыртын
صـحـرادا اولتـورمـاق – далада отыру
صـحـرادا اولوتـروشلوق قوم – [қырда тұратын тайпалар]
يايلاق – жайлау
قـيـشلاق – қыстау
ايـنالاسي – [айналасы]
قـوت – құт
قوتـلي، قوتـليغ – құтты, одан
قوتـلوغلامق – құттықтау
كوچ – күш, одан كوچلوك
ارتـوق – артық, көп, жоғары; салыстырмалы шырай – ارتـوغراق
يورت – жұрт, халық
ايل يورتي – ел, жұрт, тұрақпен мағыналас. Бұл мағынада қазақтарда да қолданылады, бұл арада осылай қолданылған:قراخان اتاسي تورغان يورتوندا ايردي، اول يردا قرا خانينك اوغلي توغدي. [Қарахан әкесі тұрған жұртында болған, ол жерде Қараханның ұлы туылды]
اول يردا – сөзі мен ойлағандай يورت сондай мағына береді, 21 б. (جامع التواريخ)
ايمماك – ему
Бұл жерде басқаша жазылған ايماك.
تابوﻨمق – құдайға табыну, қазіргі кезде бұл етістік татар мұсылмандарда пұтқа табынуды білдіреді بوتـقا تاﺒونماق бірақ бұл жерде бір құдайға табыну мағынасында айтылған
بي – бұл да بك сияқты және би; ауыспалы мағынада: барлық саналы адам بي كشي، بي خاتون одан ﺒﻴﻠﻚ – сот, қанағаттану және билеу ﻻﻤﻚ بي.
ﺴﺎﻗﻼﻧﻤﻖ – сақтану; ﺟﺎﻤﻊ ﺍﻟﺗﻭﺍﺭﻴﺦ та сол мағынада
ﺴﺎﻗﻼﻧﺩﻯ [сақтанды] (20 б.)
ﺩﻭﺴﺕ ﺗﻭﺗﻤﺎﻖ – [дос тұту]
قريغي، دريا قريغي – [өзен жағалауы]
كر يووماق – кір жуу
ﻴﺭﺍﻖ – алыс жер, жырақ
يراق تورماق – [ауыспалы мағынада жырақ тұру] суық болу, ықылассыз болу
ﻨﻴﺎﺰ – [мұқтаж]
ﻨﻴﺎﺰﻠﻖ، ﺤﻖ ﻗﻪ ﻨﻴﺎﺰﻠﻖ ﺍﻴﺭﺩﻯ – [Құдайға мұқтаж болды]
ﻛﻴﻟﻴﻦ – келін
ﺍﻴﻐﺎﻖ – [айғақ]
ﺍﻴﻐﺎﻖ ﭽﻰ – [айғақшы]
لشكر تارتماق – әскер тарту
ﻤﻘﺎﻢ – орын; қазақтың ﻤﻜﺎﻦ і сияқты [тұрақ]
ﻗﺭﻴﻨﺪﺍﺷﻼﺭ – туыстар, бұл жалғаумен ﺍﻭﻠﻭﻏﻼﺭﻴﻦ ұлы сөзі ﺍﻭﻠﻭﻍ мырза деген мағына береді.
ﺍﻠﺘﻭﻦ – алтын
ﺍﻠﺘﻭﻨﻠﻰ – алтын жалатылған, алтын емес, онда ﺍﻠﺘﻭﻦ болу керек
ﺘﻭﻱ – той, мейрам: ﻭﭙﺎﺪﺸﺎﻩ ﻠﻴﻖ ﺘﻴﻜﺪﻯ ﺍﻴﺭﺴﺎ ﺍﻭﻞ ﻴﺭﺪﺍ ﺍﻠﺗﻭﻨﻠﻰ ﺧﺭﮔﺎﻩ ﺗﻴﻛﺪﻯ, ﺍﻟﻭﻍ ﺗﻭﻱ ﻗﻟﺪﻯ. ﺟﺎﻤﻊ ﺍﻟﺗﻭﺍﺭﻴﺦ – [Егер салтанат немесе хан көтеру болса, ол жерге алтын шатыр тігіп, үлкен той өткізетін] 24 б.
ﺍﻭﺭﻭﻦ – орын; ﺍﻭﻟﺗﻭﺭﺪﻯ ﺍﻭﺭﻨﻐﻪ ﺍﻭﺭﻨﻟﻴﻎ [лайық орынға отырды] 30 б.
ﻗﺭﺍﻦ ﻛﺎﻤﻛﺎﺭﻟﻴﻖ – [Құранды құрмет тұту]
ﺟﺑﺎﺭﻟﻴﻖ – [ұлылық, даңқ]
ﺴﭙﺎﻫﻲ ﻟﻴﻖ – [әскери адам]
ﺑﻬﺎﺪﺮﻟﻴﻖ – [ерлік, батырлық]
ﻧﭼﻪ ﭼﺎﻗﻟﻰ (ﻴﺎﺸﺎﻏﺎﻨﻼﺮ، ﻴﺎﺸﺎﻏﺎﻨﻼﺮ) – [ұзақ уақыт өмір сүрді]
ﺍﻭﻴﻨﻨﻚ ﺘﻭﻧﻜﻟﻭﻛﻰ – [үйдің түндігі]
ﺍﺮﻭ ﭙﻛﺯﻩ – таза
ﻤﺎﻝ ﻴﻌﻧﻲ ﺘﻭﺍﺮ ﻗﺮﺍ – [байлық, яғни жылқы]
ﺠﺎﻴﻤﺎﻖ – кей қазақтарда жаю, ілу.
جامع التواريخ та (32 б.) бұл сөз ортографиялық формада кездеседі ﻤﺎﻠﻴﻦ ﺘﻭﺍﺮ ﻗﺮﺍﺴﻴﻦ ﻴﻐﺎﺮ ﺍﻴﺮﺪﻯ
ﻛﻮﻨﻛﻠﻰ ﺗﻨﻣﺎﻖ – көңілі тыну
ﺗﻮﻛﺎﻝ – түгел
ﻴﺴﻴﺮ ﺍﻴﺗﻣﺎﻚ – шабылған рудың әйел-баласын құлдыққа алу (қазақтарда және татарларда)
ﻗﺴﺎﺱ ﻗﻠﻣﺎﻖ – кіріптарлыққа алу, (қысастық қылу)
ﻮﻂﻦ ﻗﻠﻣﺎﻖ – отан қылу, мекендеу
ﻣﻘﺑﻮﻞ – ең жақсы, тамаша
قتل قلماق – [өлтіру]
كومكول ليك – [ерлік] (41 б.)
ﺑﻴﻼﻦ ﺑﻬﺎﺪﺮﻟﻴﻖ
ﺑﻴﻼﻦ ﺑﺴﻴﺎﺭ ﺴﻮﻗﻮﺲ ﻗﻴﻠﺪﻯ ﺑﻴﻼﻦ ﻣﻐﻮﻞ ﻠﻴﻚ ﻛﻮﻨﻛﻮﻞ ﻮ [талай рет моңғолдармен ерлікпен шайқасты]
ﻴﻨﺎﺶ – қасында, маңында
ﺍﻴﺭﺪﻯ ﺴﻴﻮﺭﻜﺎﺭ*109 – құрмет көрсету, үлес беру
ﻗﺎﺭﻤﺎﻖ – қартаю
ﺍﻴﺭﺪﻯ ﻗﺎﺭﻴﺐ – қарт адам еді
ﺍﮔﺎﺭﭼﻪ – егер де
ﺑﻮﻴﻮﺴﻮﻧﻟﻮﻍ – [бағыну, бойұсыну]
ﻛﻴﻧﻛﺎﺶ – кеңес
ﺴﻴﻮﺭﻏﺎﻞ – сыйлық немесе жақсы ықылас, ниетті заттай білдіру.ﺍﻨﻰ ﺑﺴﻴﺎﺭ ﺴﻴﻮﺭﻏﺎﺭ ﺍﻴﺭﺪﻯ (оны шесіз сүйер еді) сөзінен және Т[емір] Қ[ұтлық] жарлы[ғы] сөздерінен سيورغاب сөзінен ﺴﻴﻮﺭﻏﺎﻤﻙ етістігінің бар екені анық көрінеді, қазақтарда ﺴﻴﻮﺭﻛﺎﻤﻙ және одан ﺴﻴﻮﺭﻛﺎﺏ етістігінің өзгерген түрі ﺴﻴﻮﺭﻏﺎﻤﻙ көз қырын салу, жақсы көру, аялай сүю және жоғары тұрған адамның рақымы мағынасын білдіреді
ﺍﻻﺸﺎ – қазақтарда ﺍﻻﺴﺎ (аласа) деп айтылады
ﭙﺎﻛﺯﻩ – таза, тазалық. ﺟﺎﻤﻊ ﺍﻟﺗﻭﺍﺭﻴﺦ авторының айтуы бойынша ﺍﻮﺗﺟﻛﻴﻦ отбасының кішісі, қазақтың ﻛﻨﺟﻪ сі сияқты. Оған ата анасының шаңырағы қаладыﺍﺗﺎ ﺍﻨﺎ ﺴﻴﻨﻨﻙ ﺍﻮﺗﻰ، ﻴﻮﺮﺗﻰ، ﻤﺎﻠﻰ ﺗﻮﺍﺮ ﻗﺎﺮﺴﻰ ﻛﻴﭽﻚ ﺍﻮﻏﻠﻰ ﻏﻪ ﻗﺎﻠﻮﺮ (44-б.)
ﺍﻮﺰﻤﺎﻖ – озу
ﺍﻴﻜﺎﺮ – ер тұрман
ﺍﻮﻓﻜﺎ - ﺍﻮﭘﻜﺎ - ﺍﻮﭘﻜﺎﻻﻤﻚ– (өкпе, өкпелеу)
قو، ﻗﻮﻱ – биік, ұлы, даңқты, тамаша
ﺤﺎﻝ ﻗﻮ – ғажайып хал
ﺴﻮﻧﻚ ﺍﻨﺪﻴﻦ ﻴﻌﻧﻰ ﺴﻨﻜﻮﻦ – [содан кейін, соң.] (73 б.)*110
Араб және парсы
مفصل معلوم ايرماس – [толықтай, бүге-шігесіне дейін]
ﺗﺑﻌﻪ – [құзіретіндегілер, қол астындағылар]
تفصيل دا معلوم ترور – [баяндауда анық болады]
ﻗﺴﻡ – [бөлім]
مغول ايرماس ايردى نه – نه – [монғол емес еді]
ﻟﻔﻆ – [диалект, тіл, сөз]
ﺑﻮ ﻟﻔﻆ ﺴﻮﻧﻚ ﺰﻤﺎﻨﺪﺍ ﭼﻳﻘﺘﻰ – [бұл сөз кейінгі уақытта шықты]
ﺘﺎﺠﻳﻚ – [тәжік]
ﻋﻧﺎﻳﺖ – [қамқорлық, көңіл бөлу]
ﻏﺎﻟﺏ – [жеңіске жетуші, жеңімпаз]
ﻫﻧﻮﺰ – [енді, әлі]
ﺍﻜﺛﺮ – көпшілігі
ﻤﺨﺻﻮﺺ – [ерекше, соған тән, қатысты]
ﻤﻮﺟﺏ – тәртіп, ретінде
ﺟﺴﻢ ﺍﺷﻬﻞ – [көккөз адам, көккөз періште]
ﻤﻨﺴﻮﺏ – [туыстық, біреуге қатысты, бір нәрсеге қатысты]
ﺤﻛﺎﻴﺕ – [әңгіме, хикая]
ﻨﻘﻞ – [айту, жеткіз]
ﺘﺭﻮﺭ ﻤﺴﻂﻮﺭ – [жазылған, асты сызылған]
ﺟﻨﻮﺏ، ﺟﻨﻮﺑﻰ – оңтүстік
ﺸﻤﺎﻞ – солтүстік шығыс [тық] ел
ﻤﻤﻠﻜﺖ – [мемлекет]
ﻤﺤﻘﻖ – [ақиқатты іздеуші]
ﻤﺘﻔﻖ – [келісен пікірлес, одақтас]
ﺍﺻﻧﺎﻒ – [түр, тек]
تقرير قيليندى – [баяндалған, айтылған]
ﻋﻆﻴﻢ – [ұлы]
ﺪﺮﻭﺍﺰﻩ – қақпа
ﻤﻘﻴﻢ – [тұрғын]
ﺘﺎﺑﻊ – [бодан, бағынышты]
ﻤﻧﺼﺐ – [мансап]
ﺸﻭﻜﺖ – [күш, құдіреттілік] одан شوكت اسبابي
ﻤﺟﻤﻭﻉ – [жиналған, қосылған, біртұтас]
ﺘﺰﺮﻴﻊ – мысал, 21 б.
ﻤﺤﺐ – [құдайды сүюші], (حق قه محب بولسانك) [егерде құдайға махаббатпен қарасаң]
ﺍﺸﻜﺎﺭﺍ – әшкере
ﺑﻐﺎﻴﺖ – [өте, аса, тым]
ﺠﻤﺎﻞ ﺼﺎﺤﺐ – [сұлу] сұлулықтың төресі
ﻓﺭﺯﻨﺪ – перзент
20 бет
ﻋﺟﺏ – ғажап
بموجب سوزى رسيده بولدى عاقل غه كيردى اثر ارشاد حق تعالى دين ايردى – [оның сөзінің мағынасы оған жетті; ол оны ұғынып, Хақ тағаланың көрсетуі бойынша жүрді]
ﺨﻮﺏ ﻏﺎﻴﺖ – [тым, аса, өте жақсы]
ﻨﺻﻴﺤﺕ – [насихат]
ﺍﻠﺗﻔﺎﺖ – [ілтипат]
ﻤﺤﺑﺖ – [махаббат]
ﻛﻨﻴﺯﻚ – [кәнизак], күң
ﻗﻴﻠﻤﻖ ﺼﺤﺑﺖ – [әңгімелесу, сұхбаттасу]
ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ ﻤﻂﻴﻊ – біреуге бағыну, пікірімен келісу
ﻤﻮﺍﻓﻘﺖ – [келісушілік, жарамдылық]
ﻤﻌﺭﻛﻪ – [топ, қоғам], 22 б.
ﺍﻮﻴﻨﺎﺴﺎ ﻴﻮﺭﺴﺎ ﻤﻌﺭﻛﻪ ﺪﺍ ﺍﻮﻞ ﺗﻴﻟﻨﻰ ﺍﻴﺗﻮﺭ ﺍﻴﺭﺪﻴﻼﺭ – [топпен ойнаса, жүрсе , ол тілді алар еді]
ﻏﻴﺭﺕﻻﻧﻤﺎﻖ – [қайраттану]
ﻓﺭﺻﺕ – [мұрсат, ыңғайлы жағдай]
ﻋﻆﻴﻢ – [бақытты]
ﻗﻠﻤﺎﻖ ﺍﺗﻔﺎﻖ – бір нәрсеге келісу, ойласу
ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ ﻮﻗﻴﻒ – дайын болу
ﺍﻠﺤﺎﻞ ﻓﻲ – бірден, сол заматта
ﻤﺴﺨﺭﻗﻴﻠﻤﺎﻖ – бағындыру
ﺧﺭﮔﺎﻩ – шатыр
ﺧﺭﮔﺎﻩ ﺍﻠﺗﻭﻨﻠﻰ – [алтынданған шатыр]
ﻮﻻﻴﺎﺖ – [уәләйат]
ﻠﻴﻖ ﺗﻴﻛﺪﻯ ﭙﺎﺪﺸﺎﻩ – хандық [тиді]
ﺧﻠﻌﺕ – [сый, сыйланған шапан]
ﺧﻠﻌﺕ ﻻﺭ ﺴﻬﻮﺭ ﻏﺎﻠﻼﺭ ﺑﺭﺪﻯ – [сый шапан тартты]
ﻨﻌﻤﺖ ﺪﻮﻠﺖ – [нығмет, дәулет]
ﺍﺑﺗﺪﺍﺀ – басы
ﻤﻴﺴﺭ – [жағдай жасаушы, оңайлатушы]
ﻗﻭﺖ ﺸﻭﻛﺖ – [ұлылық]
ﻋﻴﺶ – [өмір, қуаныш]
ﻓﺭﺍﻏﺖ ﻟﻴﻖ – [демалыс, тыныштық]
ﺼﺪﻒ – [інжу қабыршық, маржан]
ﻏﻭﺍﺹ – суға сүңгуші
ﺤﺎﺼﻞ ﺑﻭﻟﻤﺎﻖ – (болу)
ﺑﻁﻥ ﭙﺎﻚ - ﭙﺸﺖ ﭙﺎﻚ – жан-тәнімен таза ниетті
ﻤﻘﺪﻤﺎﺖ – (бұрын, ертерек)
ﺗﻘﺭﻴﺭ – (әңгіме; растау)
ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ ﻤﻮﺠﻮﺪ – (болу, бар болу)
ﺍﻳﺷﺎﺭﺖ – [ишара]
ﺤﺎﻤﻠﻪ ﻛﻠﺗﻮﺭﻤﻙ - ﺤﺎﻤﻠﻪ ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ – аяғы ауыр болу
ﻤﻌﺗﺑﺭ ﺑﺯﺭﮒ – [аса құрметті]
ﺗﻮﺍﺭﻴﺦ – [жылнама]
ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ ﻤﺸﺎﻴﻊ – [шабуылдау]
ﻤﻨﺎﺠﺎﺕ ﻗﻟﻤﺎﻖ – [мінәжат ету, жалбарыну]
ﻨﺎﺯﻞ ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ – [төмендеу]
ﺭﻮﺍﻴﺕ – аңыз
ﻗﻮﭙﻤﺎﻖ – [қозғалу, көтерілу, тұру]
ﺍﻮﻴﻘﻮﺪﺍﻦ ﻗﻮﭙﻘﺎﭺ – [ұйқыдан ояну, төсектен тұру]
ﺭﻮﻴﻼﺭ – жыршылар, әңгіме айтушылар
ﺭﻮﻯ ﺯﻤﻴﻦ – қараторы
ﻋﻬﺪ ﻗﻴﻟﺪﻯ – өсиет етті
ﺠﺎﻨﺐ – ел [тарап]
ﺍﻋﻆﻢ – ең ұлы
ﻤﻌﺠﺯﺓ – керемет
ﻛﻴﻔﻴﺕ – іс
ﻤﻌﺭﻭﻑ ﻭﻤﺷﻬﻭﺭ – белгілі және атақты
ﺍﻛﺭﻩ – [жексұрын, ең сұмпайы]
ﺒﻭﻠﺪﻯ ﻤﺴﻠﻢ ﻤﺴﺨﺭ – қолына тапсырылып, берілді
Өткен шақ пен осы шақтың орнына келер шақ қолданылады (қараңыз: 19 б.), قرقورم [Қарақорым]. Қырғыздарда кездесетін сөздер мен оралымдардан бірнешеуін келтірейін (16 б.); زمانه دا [заманада] орнына زماندا [заманда – сол кезде] және ары қарай: انلارننك قوت دولت لاری اونكین ولایت لاردا اتی چاولی*85 اتی چاولی چـیقـتی а т ы ч а у л ы ч и к т ы деп – аты шулы шықты деп айтылады. Күйеуін жоқтаған бір әйелдің жыры: اتی چاولی ایاولم – اق نایزانك تور تایاولی*86؛ ایاولم [аяулым] ایاماق [аямақ] етістігінен шығады.
Автор татар тіліндегі اوزگا [өзгә] немесе باشقه [башқа] орнына اونكین [өңге]*87 сөзін қолданады. Қырғыздар бұл үш сөзді де «өзге» деген мағынаны беру үшін қолданады (24 б.). نچوك بر یاسدی ایرسا بغایت ارو صاحب جمال وخوب صورتلیغ*88. ارو [ару] таза, жақсы; қырғыздарда қолданылмайды және оларға мүлдем белгісіз*89, оларда тек ارولاماق арулау*90 деген етістік бар, дегенмен көне қырғыз поэмаларында кездеседі. Алтын Орда дәуіріне жататын бір поэманың қаһарманы Орақ, руы – қоңырат, қаңлылардың орыстардан түсірген олжаны әділ бөлмегеніне ренжіп, өзінің жалғыздығына налып, былай дейді:
قانكغلی دان التاو كیلدم دیب، سویرو اتان بولسادا،
اوراققه زورلیق قلمانكز؛ اونینك باسین جینالار،
قایراتـنه منگان سونك، قویان قولتوق كيرما قاس،
بوره لار كیتسا جات بولار، ارو چیچای بولسا ایكه.
قلچ چاپسا میرت قیلار؛ ارو چیچای بولسادا،
سویرای سویرای كوچارگا، سونككولی اولدار تووسا ایگه...
سویرو تاولار بولسا ایگه، المانینك كوكنانده یوق ایگه،
سویرو تاولار بولسادا، جالغزدا توغان سوم باسم
اونان سویراب كوچارگا، بارمنان یوغم كوب ایگه.*91
سویرو اتان بولسا ایگه.
كچمك [кечмек] – өту, یایلاق [яйлақ] – жазғы жайлау және قیشلاق [қышлақ] – қыстау. Жұрт, халық – ایل [ел], бірақ жұрттың бізде тағы бір мағынасы бар: көшкенде тоқтайтын жер, мұнда да жұрт деп аталады, сол мағынасында қолданылған*92قرا خان اتاسی تورغان یورتوندا ایردی، 20) قرا حاننـنك اوغلی توغدی اول ایردا бет).
Кейбір сөздер мен оралымдар маған түсініксіз, былайша айтқанда, қырғыз тілінде жоқ.
منكر (мункәр) сөзінің мағынасы маған түсініксіз, бізде منكراو (меңіреу) – сөз ұқпайтын адам деген тіркес бар (21-б.);مننك (منم) سوزومنی تـنكلامادی منكر بولدی. دوبون بایانـنـنك نچه خاتونی الان قوا اتلیغ ایردی.*93 Мұндағыنچه мағынасын білмедім. تابونمق [табыну] сөзі бұл жерде бір Құдайға табыну мағынасында қолданылып тұр, бірақ татарлар мен қырғыздар бұл тіркесті әлі күнге дейін кездесетін отқа, айға, т.б. табынуға қолданады. بوتقه تابونمق، اوتقه تابونمق*93 деп айтады, бірақ бір Құдайғаالله [Алла], مناجت ایتماك، سینماق، قولچلق*94 және т. б. қолданады.
Автор бек және би деп жазады да, бидің ауыспалы мағынасы – ақылды, ойлы адам деп түсіндіреді (20 б.). Оғыздың анасы туралы اول خاتون كیم بی واستا*95 дейді. Бұл мағынада қырғыздар بی كشی*96 дейді, би сөзінен бізде بی لك етістігі бар [билік] – сот, қанағаттандыру; بیلامك [билемек] сөзі осыдан шықпай ма екен? (20 б.). دریا قریغی (дария қырығы) көне қырғыз поэмаларында قراغی; бұл сөзді қазір бізде білмейді. Бізде قاباغی деп айтады [қабағы – жағалау] және یاغاسی [яғасы – жағалау]. یازی [язы] сөзі келесі мысалдардан көрінгендей یازیغه انكغه چـیقـتی*97: дала, алқап деген мағынаға ие (22 б.); اول یازیدا اولوغ لشكر یغلدی*98 [يازى орнына] қырғыздар یازیق [жазық] дейді, یازی [язы] дегенді білмейді.
قونك سو [қоңсы] қырғыздарда – дәулетті үйлердің қасына орналасқан кедейлер;قونك سو قونماق [қоңсы қоңмақ] – біреуге жақын көшіп келу, қасына қону (қараңыз: 23 б.). بر یكی قونك شو سی بار ایردی*99 (27–28б.), دریـیا ارا سیندین قرچین لار قمش لار ییغیب سال بغلاب دریانی كچتی *100
قرچین (қыршын) сөзі өсімдік атауы ретінде бізде қолданылмайды, бірақ «Орақ» поэмасындаقوم غه بتكان قوبرچین كیسوب الوب سال ایـتـتوم *101 делінеді, бірақ менің قوبرچین [қубаршын] не мағына береді деген сауалыма ең құрметті кәрі құлақтар كاری قولاق мардымды жауап бере алмады. Балқаш көлінде, Аққұм мен Шу өзені алқабында, батпақты жерде қамыс сияқты, өте жеңіл әрі жіңішке өсімдік өседі деді олар. Қырғыздар оны қопа деп атайды және оны жеңіл сал жасауға пайдаланады.
Қоржын жолға ұстайтын сөмкелердің атауы. Бұл арада сол мағынада қолданылып тұр деуге болар еді, бірақ دریـیا اراسیندین یـیغیب *102 мұндай мағынада келмейтінін білдіріп тұр.
جبارلیق، سپاهی لیق، بهادرلیق، قوت شوكت لیق، بای لیق، عیش وفراغـت لیق قوی معظم اولوغ پادشاه تیماك بولور*103 Қолданыстан көрінгендей*104 برچه حالدا قوی حال ایردی لار*105сөзі (60б.).
مال [мал] сөзі бұл кітапта توار قرا [туар қара] тіркесінсіз қолданылмаған, соған қарап, توار сөзі көне атау, یلقی [жылқы] сөзін алмастырушы деп болжауға болады. Көшпенді өмір салтының барлық сөздері мен терминдерін қырғыздарда жақсы сақталып қалғанына күмән жоқ. مال сөзі арқылы қырғыздар бұрын өздерінің жалғыз байлығын білдірген, жалпы мал – байлықтың белгісі деп түсінеді. Қазір де жалпы байлық мағынасында қолданылады, ал бір мал – قرا [қара], ал توار قرا жылқы үйірі, توار сөзі یلقی мен бір мағынада.
Тұрмысқа шыққан жас қырғыз әйелі қайындары мен күйеуінен үлкендердің, тұтас рудағы күйеуінен үлкен адамдардың есімдерін атай алмайды, сондықтан қазақ әйелдері оларға басқа сөзбен, алайда сол мағынаға жуық ат береді. اوروس [Ұрыс] сөзінің орнына كسچه [кесше] немесе چواس [жуас] дейді, یلقی بای [Жылқыбай] орнына تواربای [Туарбай] дейді, т. б.
Бұл дәстүрді ұстанушы кейбір әйелдер асыра сілтеп жібереді. Атын атауға болмайтын кісінің есімінде кездесетін дыбысты қолданбай сөйлейтін де ханымдар бар. Мәселен, тыйым салынған есім Айбатыр болса, ол ханым үшін *106اي، ایماق، ایدا، ایغر، ایامق، اینالمق және т. б. сөздер мүлде жоқ (33 б.).قامچی بویلوغ ایر اوغول نی قویمادی *107 – қамшы бойлы тіркесі қазір толық қолданыста, сіз қазақтан سول زماندا من قامچی بویلی بالا ايديم*108 дегенді жиі естисіз.
33 бетте, 10 жолда ی орнына қателіктенب тұр: باریب اچیب – اجیب یاریب توزوب كیلماك. Бұл үш сөз көшпелі тайпалардың шапқынға немесе барымтаға ұшырап, кедейленіп қалғанын білдіреді. Бірінші сөз اچ لق – аштықтан туындайды, екіншісі әдейі астан шектеуден арықтап, жүдеуді білдіреді – аттарды бәйгеге дайындау қырғыздарда جاراو ات، جاراتمق [жарау ат, жаратмақ] деп айтылады, осылайша дайындалған өте семіз емес, бірақ далада мініске керек [жылқының] атауы.
ҮЛГІ [ЖОҚТАУ]*1
كوبچاك ساندی كورانكدی
تابیه غه جراتقان،
قرق سان قرا قلماقتی
جارلغینه قراتقان.
ایبالتاسون التون منان بوولاتقان.
الافاسون ارتتوروب
ارپالاب اتتی قووناتقان.
لاباچی دیكان بر ایلنی
انتی منان اولاتقان،
ایرینچی منان سراندی
توزغونداتوب چوولاتقان.
برستاسون جورت اوستونان دوولاتقان.
اینكساسی بيوك بوز اوردا
سلتانت غه اورناتقان.
بولاتدان چیكا سوقتوروب
چنكاراغون تورلاتقان.
اوشبو یردان بك [دارون]
جاسیل كول كا مصلحت [كا] كیلتوروب
..................................................
مس تاباق غه تولتورغان.
قازغونی قلایی دان قاقتوروب
توقباغن سوم التون نان سوقتوروب
نقرا كموش چاپتوروب،
بولغاری سبا پیچوروب
چنی ایاق مان ایچتوركان.
اورندوغن اویمشداب
اواو نقش سالدورغان.
ساندوغین سارالتونغه مالدورغان.
كوچسه قرقین ارتالماس،
قریق مینك اتان تارتالماس.
قزیل ایاق مال جیب
قالیجه سین الدورغان.
الغین چغین ارقالاب
بتینه بدیر قامقا سالدورغان.
توورلیغینك قرا كیس
تولولو بر تونكلو كین
اوشیغه دان اوستاتقان.
بایتاغینك بایب مال بریب
بایراقتی جر كا قیستاتقان.
عدل لیكین نشر اون عدلكا یتكوركان.
[جومارتلیغین] حاتم تای
جومارتدان اوتكاركان.
كونده مهمان كوزاتیب
كیساكلاب ایت بركان،
ایماندینك ایسینه قاراب بیت بركان،
بر خدایدنك دیدارین
سن كورمسنك كم كورار.
تبانداسقان دوشمن غه
كونیندا قیلیچ شاویب اوتكاركان.*
* * *
Күпшек санды күреңді*2
Тәбияға жаратқан.
Қырық сан қара қалмақты
Жарлығына қаратқан.
Айбалтасын алтынменен булатқан.
Алафасын арттырып,
Арпалап атты қунатқан.
Лабашы деген бір елді,
Антыменен улатқан.
Еренші менен Серенді,*3
Тозғындатып шулатқан.
Періштесін жұрт үстінен дулатқан.
Еңсесі биік боз орда,
Салтанатқа орнатқан.
Болаттан шеге соқтырып,
Шаңырағын торлатқан.
Үшбу жерден бек [терін],
Жасыл көлге*4 мәслихат[қа] келтіріп,
.................................................................
Мыс табаққа толтырған.
Қазығын қалайыдан қақтырып,
Тоқпағын сом алтыннан соқтырып,
Нағыра күміс шаптырып,
Былғары саба пістіріп,
Шыны аяқпен іштірген.
Орындығын оймыштап,
Ою нақыш салдырған.
Сандығын сары алтынға малдырған.
Көшсе қырқын арта алмас,
Қырық мың атан тарта алмас,
Қызыл аяқ*5 мал жиып,
Қалижесін алдырған,
Алғыншағын арқалап,
Бетіне бедер қамқа салдырған.
Туырлығың қара кес,
Толылы бір түңлігің,
Ұшығадан ұстатқан,
Байтағың байып мал беріп,
Байрақты жерге қыстатқан,
Ғаділдігін Нуширван*6
Ғаділге жеткерген.
[Жомарттығын] Хатымтай*7
Жомарттан өткерген.
Күнде мейман күзетіп,
Кескілеп ет берген.
Имандының ісіне
Қарап бет берген.
Бір құдайдың дидарын,
Сен көрмесең, кім көрер?!
Табандасқан дұшпанға,
Күнінде қылыш шауып өткерген.
ابلای تورالی جر
من بر جرده*1 جرلاین،
جرلاسام ننه جرلاین؟
ایرتگه اوتكن ابلای
خانییم ده جرلاین.
اونی منان قویماین،
اوننك اتسقان جاون جرلاین.
قوسقان مالن جرلاسن.
منكگنده اتی كرایده
ایسنغول من ایر سادر
قرغزده دانكقه بر چققان ایر ایده
اناو بر سادر اتلاندی،
اتلانده ده بابلانده،
قزاق بر اویغه توسكانده
تنچ اویقتاب جاتماده،
اق سو منان كوك سوده
اتلانه كله سارت ده الده.
قرادا قووس چنكقردان
سمز نایمان چابلده،
سوننك ایچنده
قونكراتنك جمان چابلده.
سایقال ترك توبنده،
موزده بلاق باسنده
سوقاققان قوزه مه ن لاق تابلده
اون بش یاشار یاس بالا
جاوغاچ بر سونده جلایده:
سن سادر غه قلماسام،
كوتنكنان سورگه سالماسام،
ارقاداغی ابلاى غه نييمه بارماسام،
سویتب بر كگم الماسام.
تاغه بر مزگل بولغانده
جاوغاچ بر اتقه منگان كون،
بلنه ساداق سالغان كون،
قاراقانده قولینه
اورتاغه الا قونغان كون.
انكر قوزنه الغانده،
توس اویقغه بارغانده،
چالبار سالده بولغانده
تیب بر جلقی الغان كون.
تورت كشنی باچشی الوب،
بس كشی نی قوچشی الوب
ارقاداغه ابلای خانغه كیلگان كون،
الله یار [دیب] باس اورغان كون.
خان ابلای سورغان كون؟
– جولدار بولسن جاوغاچ جان.
– خان ابلای تقسر خان،
تنكری برسه مول بولسن.
قرادا قووس چنكقردان
سمز نایمان چابلده،
سوننك ایچنده مینم
قونكراتم جمان چابلده.
اق سو منان كوك سوده
سایقال ترك توبنده،
موزده بلاق باسنده
سو قاققان قوزی اولاق تابلده.
اویناپ بر جورگن قوربه سن.
جاوغاچ نك جمان ساغنده.
– ای جاوغاچم، جاوغاچم،
سن باراتور، باراتور،
سمبله تووسن جلتیب،
ات سمرسن قنتیب،
من سادرغه قلاین،
بایاغه دای بولاین،
تانا*2 بركای خدایم.
****
تاغه بر مزگل بولغانده
سمبله توده جلتیب،
ات سمرده قنتیب؛
یوز قویغه الغان قولاچه ات
جوراكتای بولب سمرده،
جلاندای بولب جاراده.
خان ابلای تقسر خان
اوله بر یوزدین قول جیدی،
كچه بر یوزدین قال جیده،
اسراسه [لوننك] اچنده
اواق بنن كریدن
رابایسز مول جیده.
كوك بورى دای جلده خان،
ایتلگه دای الده خان،
قارچغادای قاقته خان،
تورمتایدای قوندی خان،
توقال ترك توبنده
اتلانب كنكس سورده خان.
باسنتین اوله بارلوبای
اومراولاب سویله یده
كسی ارقینه كونبیده:
– سن كوك بوریدای جلدنك خان،
– توقال ترك توبنده
اتلانب كنكس قلدنك خان.
یمانده قولغه توسمز،
كل قایتالق، دیده خان.
سونده ابلای جلایده،
ابلای نیداب جلایده؟
– كری منان اوراق تنك
نایزا اوستاغان باتردنك
برده برنی جوق بولده.
من نیلكتان بوق بولدوم،
جانه توسب جوق بولدوم.
سونده كیدایچیلك مندارنك
سول مزگلده بار ایكان.
كرایدنك اوله تورسونبای
كون ساداقته دمسنك،
كوبكه تییار سوزم بار*3
كوك چولاق اتته دمستك
اولجه ده الار جایم بار.
یمان قیلب الامز،
كل قایتالق دیده خان.
ابلای خانم جروچنك
قازدای بولب قرقلداب،
(بوراداین) برقلداب،
سای سووندای سارقلداب.
جای تاسندای جارقلداب.
............... باوره
قولغادا تولده سولقلداب.
چابندننك ایچنده
قوس ایدارده اول كیته*4
سونك جمان ایه اوتته.
یمان قیلب الامز،
كیل چابالق دیده خان.
سویگنده بار ابلای
قارت بورادای چابنده.
یوز قویغه الغان قلاچه ات
تورت ایاغن قاغنده،
جاو اتندای سابلده.
سالغانن بلكان سونك
ابلای دا [ی] تقسرخان
ایل تورمان تاغنده.
ارغماغن اوزدرده،
بایاو جاتقان قرغزده
ساری بلده توزده رده.
قلماقچه دای قلدرده،
قرغزدنك بلن سندرده،
چابته ده قایتته ابلای.
ابلای چاوب قایتقان سونك
سادر بالا كله ده
سای سووندای سارقراب،
جای تاسندای جارقراب.
ابلای خانننك قورقانه*5
قورققانه ایمی نمنه؟
توره بر قالده تزكنب، تتراب.
– ای جاوغاچم، جاوغاچم!
اونك قولمده لاچن،
سول قولمده جاوغاچم.
از دسمده تابلماس
جاوغاچ جان سندای قباچه اول.
منگانده اتی كیرایده
ایسنغول من ار سادر
قرغزده دانكقه بر چققان ار ایده.
بار سادرغا بارا كور:
ایلدسین سادرمن.
تالاستنك بویی تار جایلاو
تالاسا بارب جایلایق،
كنكستنك بویی كنك جایلاو
كنكسه بارب جایلایق،
قازی منان قار ته نه
قیه كیسب چاینایق.
– سادر باتر توراتور،
ارقاداغی ابلای
خانم منم جبرده:
– بار سادرغا بارا كور.
منگنده اتی كیرایده
ایسنغول من ار سادر
قرغزده دانكقه بر چققان ار ایده.
جاولاسبایمن سادرمن،
ایلدسین سادرمن.
تالاستنك بویی تار جایلاو
تالاسه بارب جایلایق،
كنكستنك بویی كنك جایلاو
كنكسه بارب جایلایق.
قازه منان قارتانه
قیه كسوب چاینایق.
*****
– قوقی! ایلدسبایمن اونی من،
جاولاسامن اول قولمن.
تالاستنك بویی تار جایلاو
تالاسا بارب جایلامان،
كنكستنك بویی كنك جایلاو
كنكسه بارب جایلامان.
قازه منان قار ته نه
قیه كیسب چاینامان، قوقی!
ابلای دیكان كاری قول
اوچ چاپته منم اویمده
اونه منان تورماده
ابلای دیكان كاری قول
اراغن ایچوب ایسرده.
تاستاپ كیتسن جسر[م] ده،
بر قلماده منك قلده، قوقی!
جاباغمده جون قلده،
جاس قايسيمده اى قلدى،
بوز بالامده قول قلده،
اق اوتاوم كونك قلده.
اونی منان تنباده، قوقی،
ابلای دیكان كاری قول
اینده مغان دا قراب قلغنده، قوقی.
قان قلمای چیشسن كییمده،
بولاك–بولاك ایته رمن،
بوزداى جرتب اوتارمن.
دودوغاسن كیارمن،
اینكسه سنه منارمن،
كووده سنه سییارمن.
ایلمده چاپقان سو قولدنك
سویاكن [نك] اوستونه
منارا قیلب اویارمن.
*****
- منكنده اتی كیرایده
ایسنغول من ار سادر
قرغزدا دانكقه چققان ایرایدی.
ایلچه گا بارغان جاوغاس جان،
سادر باتر نه دیدی؟
– اوی ابلای دیكان تقسر خان،
سن نتسن، نتسن؟
اناو بر تورغان سادردنك
اولكنسگن سوزی بار،
خدایدنك بزگه برار ایبه بار،
سن كیلگنسن، كیلگنسن،
كلب قرغز چاپقان سن،
تنكده اولجه تاپقان سن.
«– قوقی! الدسبایمن سو قولمن،
اینده مغان قراب قلغنده، –»
(سوندا ابلای):
– یالانكاچ حجم سن بولسانك
اناو تورغان سادرده تورب اتسانه،
قارق اولجه غه باتسانه.
اول سادرده اتباسنك،
سادر سنی الاده،
ات كوتنه سالاده،
تانكدینكدان تسیده،
جانغان اوتقا اوزنكده
چرقراتب باساده.
الله دان اوكم كلكان سونك
بر چبندای كوكه [جان]
او قای جاقغه قاچاده.
قونكراتتنك كوب مرگن
كوینده بولغان سول بایغوس
اورمه قرا ملتقته
تزه گه الا اولتورده،
اوزون براوقغه تولتورده،
اتتان بر قورغان سوغسته،
اوقچانتاین قاغسته،
الدلای ابلای چانچقان كون،
قوقی لاب قرغز قاچقان كون،
قزاقته دولت باسقان كون،
قرغزدان ارواق قاچقان كون.
(اتتم ده ب ایكه اووس توپراق تاستادی).
ارغماغن اوزدرده.
بایاو جاتقان قرغزده
ساری بلده توزدر ده.
چاپته ده غه قایتته ابلای.
*****
(شول جلده اتكه جرق نی اولتوركان.
سوننك قزیننك جری).
مرگن ننك باشی ملوون.
داره ننك جوله سروون.
منه بر قزاق كلوون،
اته كم ننك اولوون.
سادر كرده قامشقه،
اته كم ننك نایزه سی
قزل چكبن بور كنب.
قزدار من بو سادر
قارا چكبن بور كنب
خاتون من بو سادر.
ابلای خاننك نایزه سی
قولا بر بولب قایستی
اته كم ننك نایزه سی
قاراغای بولب مایستی.
قرم توقم ابلای
قرداسنك من اته كم،
ته ره توقوم ابلای
تنكداسنك من اتا كاو.
باسنكده قویده الككا
قاننكده الده چلككا
اوتنكده الده كرككا.
ایچب قانغه تویماده
ابلای دیكان قاچ ایغر
اجلگه كاره كگن قویماده.
АБЫЛАЙ ТУРАЛЫ ЖЫР*1
Мен бір жырды жырлайын,
Жырласам нені жырлайын?
Ертеде өткен Абылай1,
Ханымды жырлайын!
Оныменен қоймайын,
Оның атысқан жауын жырлайын.
Қосқан малын жырлайын.
Мінгенде аты кер еді,
Есенқұл мен Ерсадыр2
Қырғызда даңқы бірге шыққан ер еді.
Анау бір Сәдір аттанды,
Аттанды да баптанды.
Қазақ бір ойға түскенде
Тыныш ұйықтап жатпады.
Ақсу менен Көксуда
Аттана келе сартты алды.
Қарада Қуыс Шыңғырдан
Семіз найман шабылды,
Соның ішінде,
Қоңыратым жаман жабылды.
Сайқал терек түбінде,
Мұзды балақ басында,
Су қаққан қозы мен лақ табылды.
Он бес жасар жас бала
Жауғаш бір сонда жылайды:
«Сен Сәдірге қылмасам,
К... -нен сүргі салмасам,
Арқадағы Абылай ханыма бармасам,
Сөйтіп бір кегім алмасам!»
Тағы бір мезгіл болғанда,
Жауғаш бір атқа мінген күн,
Беліне садақ салған күн,
Қарағанда ел қолына
Орта ала қонған күн.
Іңірде қозыны алғанда,
Түс ұйқыға барғанда
Шешініп жатып қалғанда,
Тиіп бір жылқы алған күн.
Төрт кісіні басшы алып,
Бес кісіні қосшы алып,
Арқадағы Абылай ханға келген күн.
«Алдияр» деп бас ұрған күн.
Хан Абылай сұраған күн:
– Жолың болсын, Жауғаш жан!
– Хан Абылай, тақсыр хан!
Тәңірі берсе, мол болсын.
Қарада Қуыс Шыңғырдан
Семіз найман шабылды,
Соның ішінде менің
Қоңыратым жаман шабылды.
Ақсу менен Көксуда
Сайқал терек түбінде,
Мұзды балақ басында
Су қаққан қозы мен лақ табылды.
Ойнап бір жүрген құрбысын,
Жауғашын жаман сағынды.
– Әй, Жауғашым, Жауғашым!
Сен бара тұр, бара тұр.
Сүмбіле*2 тусын жылтиып,
Ат семірсін құнтиып,
Мен Сәдірге қылайын,
Баяғыдай болайын,
Пана бергей құдайым!
* * * *
Тағы бір мезгіл болғанда,
Сүмбіле тусын жылтиып,
Ат семірсін құнтиып.
Жүз қойға алған Құлаша ат,
Жыландай болып жарады.
Хан Абылай, тақсыр хан!
Ұлы бір жүзден қол жиды,
Кіші бір жүзден қол жиды.
Әсіресе соның ішінде,
Уақ пенен Керейден3
Рабайсыз мол жиды.
Көк бөрідей желді хан,
Ителгідей ілді хан,
Қаршығадай қақты хан,
Тұрымтайдай қонды хан,
Тоқал терек түбінде
Айналып кеңес құрды хан.
Бәсентиін ұлы Барлыбай,
Омыраулап сөйледі,
Кісі ырқына көнбеді:
– Сен көк бөрідей желдің, хан,
Тоқал терек түбінде
Аттанып кеңес құрдың, хан,
Иманды қолға тұсымыз
Кел қайталық, – деді, хан.
Сонда Абылай жылайды,
Абылай не деп жылайды?
– Керей менен уақтың
Найза ұстаған батырдың
Бірде-бірі жоқ болды.
Мен неліктен боқ болдым.
Және тосып шоқ болдым.
Сонда кедейшілік мұңдарын
Сол мезгілде бар екен.
Керейдің ұлы Тұрсынбай4:
– Көн садақты демесең,
Көпке тиер сөзім бар,
Көк шолақ атты демесең,
Олжада алар жайым бар.
Иман қылып аламыз,
Кел қайталық, – дейді, хан.
* * * *
Абылай ханым, жүруші ең,
Қаздай болып қарқылдап,
Бурадайын бұрқылдап,
Сай суындай сарқырап,
Жай тасындай жарқылдап.
Қолға да толды солқылдап.
Шабындының ішінде
Қос айдарлы ұл кетті,
Қос тұлымды қыз кетті.
Соның жаман айы өтті,
Иман қылып аламыз,
Кел шабалық, – дейді, хан.
Сүйегінде бар Абылай
Қарт бурадай шабынды.
Жүз қойға алған Құлаша ат,
Төрт аяғын қағынды,
Жау атындай сабылды.
Сабылғанын білген соң,
Абылайдай тақсыр хан,
Айыл-тұрман тағынды.
Арғымағын оздырды.
Баяу жатқан қырғызды
Сарыбелде5 тоздырды,
Қырғыздың белін сындырды,
Шапты да қайта Абылай!
Абылай шауып қайтқан соң,
Сәдір бала келеді.
Сай суындай сарқырап,
Жай тасындай жарқырап,
Абылай ханның қорыққаны,
Қорыққаны емей немене?
Төре бір қалды тітіреп,
– Әй, Жауғашым, Жауғашым!
Оң қолымда лашын,
Сол қолымда Жауғашым,
Іздесем де табылмас,
Жауғашжан, сендей құбаша ұл.
Мінгенде аты кер еді,
Есеңқұл мен ер Сәдір,
Қырғызда даңқы бір шыққан ер еді.
Бар, Сәдірге бара гөр,
Елде дейін Сәдірмен,
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайлайық.
Кеңестің бойы кең жайлау,
Кеңесе барып жайлайық.
Қазы менен қартаны
Қия кесіп шайнайық.
– Сәдір батыр, тұра тұр.
Арқадағы Абылай
Ханым менің жіберді.
Бар, Сәдірге бара көр,
Мінгенде аты кер еді.
Есеңқұл мен ер Сәдір
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайлайық.
Кеңестің бойы кең жайлау,
Кеңесе барып жайлайық.
Қазы менен қартаны
Қия кесіп шайнайық.
* * * *
– Қоқи*3, елдеспеймін онымен,
Жауласамын ол құлмен.
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайламан.
Кеңестің бойы кең жайлау,
Кеңесе барып жайламан.
Қазы менен қартаны
Қия кесіп шайнаман, Қоқи!
Абылай деген кәрі құл,
Үш шапты менің үйімді,
Онымемен тұрмады,
Абылай деген кәрі құл,
Арағын ішіп есірді.
Тастап кетсін жесірімді,
Бір қылмады, мың қылды, қоқи.
Жабағымды жүн қылды,
Бозбаламды құл қылды.
Ақ отауым күң қылды.
Онымемен тынбады, қоқи,
Абылай деген кәрі құл,
Енді маған да қарап қылғанды, қоқи.
Қан қылмай шешсін киімді,
Бөлек-бөлек етермін,
Бөздей жыртып өтермін.
Дулығасын киермін,
Еңсесіне мінермін,
Кеудесіне сиермін.
Елімді шапқан сол құлдың
Сүйегінің үстіне
Мұнара қылып үйермін.
* * * *
Мінгенде аты кер еді,
Есенқұл мен ер Садыр
Қырғызда даңқы шыққан ер еді.
Елшіге барған, Жауғашжан,
Садыр батыр не дейді?
Ой, Абылай деген тақсыр хан,
Анау бір тұрған Садырдың
Үлкенсіген сөзі бар.
Құдайдың бізге берер ебі бар.
Сен келгенсің, келгенсің.
Келіп қырғыз шапқансың.
Тегін де олжа тапқансың.
Қоқи, елдеспеймін сол құлмен,
Енді маған қарап қалғанда.
Сонда Абылай:
Жалаңаш хажым сен болсаң,
Анау тұрған Садырды тұрып атсана,
Қарқ олжаға батсана.
Ол Садырды атпасаң,
Садыр сені алады,
Ат к... - іне салады.
Жанған отқа өзіңді
Шырқыратып басады.
Алладан өкім келген соң,
Бір шыбындай, көкежан,
Жан қай жаққа қашады.
Қоңыраттың көп мерген,
Күйінде болған сол байғұс
Орама қара мылтықты,
Тізеге ала отырды.
Аузын бір оққа толтырды.
Аттан бір қорған соғыста,
Оқшантайын қағысты!
«Аллалап» Абылай шанышқан күн,
«Қоқилап» қырғыз қашқан күн.
Қазақты дәулет басқан күн,
Қырғыздан аруақ қашқан күн.
(«Аттым» деп Әтеке уыс топырақ тастады)
Арғымағын оздырды,
Баяу жатқан қырғызды,
Сарыбелде тоздырды.
Шапты да қайта Абылай.
* * * *
(Сол жылы Әтеке жырықты6 өлтірген,
соның қызының жоқтауы).
Мергеннің басы миллион,
Дарияның жолы серуен.
Мына бір қазақ келуін,
Әтекемнің өлуін,
Садыр кірді қамысқа
Әтекемнің найзасы
Қызыл шекпен бүркеніп,
Қыздарменен бұл Садыр,
Қара шекпен бүркеніп,
Қатынменен бұ Садыр,
Абылай ханның найзасы
Қола бір болып қайысты,
Әтекемнің найзасы
Қарағай болып майысты.
Құрым тоқым Абылай
Құрдасың ба еді, Әтекем,
Тері тоқым Абылай
Теңдесің бе еді Әтеке-ау.
Басыңды қойды әлекке,
Қаныңды алды шелекке.
Отыныңды алды керекке,
Ішіп қанға тоймады.
Абылай деген хас айғыр
Ежелгі әдетін қоймады.