Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2602 0 пікір 4 Қараша, 2010 сағат 09:40

Жұмыртқалар хикаясының жалғасы

Қазан айының ақырғы күндері қазақ қоғамын қайран қалдырып, президент сайлауына түскісі келетін Владимир Козлов пен кәрі коммунист Серікболсын Әбділдинге баспасөз мәслихаты кезінде жұмыртқа лақтырып, жұрттың «жағасын ұстатқан»  «желтоқсандықтардың» белсенділері кеше ғана әкімшілік соттан жазаларын алған еді. Бірақ, жұмыртқалар хикаясы мұнымен тынбайтын сияқты. Заңды тіркеуі жоқ «Алға» партиясының жетекшілері Ғазиз Алдамжаров пен Владимир Козлов прокуратура мен ҰҚК- і департаментінен жұмыртқа лақтырған «желтоқсаншыларға» қарсы ұлтаралық араздық тудырғандары үшін қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр.

«Алғалықтар» сәрсенбі күні таратқан мәлімдемелерінде» желтоқсаншылардың» әрекетін ұлтаралық қақтығыс тудыру үшін жасалған қадам және азаматтардың құқықтары мен жеке басын құрметтемеу, ата заңның кейбір баптарын бұзу деп білетіндерін айтқан.

Ойнасақта біраз жерге бардық демекші, ойланбай жасалған қадамның аяғы ор аузынан бір-ақ шығарды, міне. Қалай болғанда да, өздерін де, өзгелерді де жерге қаратқан оқиғаның арты ойламаған жерде жоғарыдағыдай қалыпқа ауысқанына бізде қынжылыс білдіреміз.

Қынжылыс білдіретін себебіміз, біздегі заң-зәкөннің жіңішке тұстары өте көп.   Заңға қызу қандылық,  «жұлқынып жұмыртқа» лақтыру деген жүрмейді. Сондықтан, «... дұшпанға мазақ» болмаудың жолынан аумағанымыз жөн.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592