Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5101 0 пікір 27 Маусым, 2017 сағат 15:40

Қазақстанда сенат сайлауы қарсаңында "тыныштық күні" басталды

Қазақстанда парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарын сайлау қарсаңында "тыныштық күні" жарияланды — сайлау күні және одан бір күн бұрын үгіт-насихатқа тыйым салынған. Алматы және Астана қалалары, аймақтардағы сайлау комиссиялары сенат депутаттарын 28 маусым күні сайлайды.

Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, тіркелген үміткерлер тізімінде 38 адамның есімі бар. 16 сенат депутаты сайланады.

Сенат құрамында 47 депутат бар, олардың 32-і әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлаушылар жиналысында сайланады, 15 сенаторды президент тағайындайды.

Оралық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бұл сайлауларда алғаш рет дауыс берушілерді электронды түрде тіркеу жүйесі қолданылады. Сайлауға 3 293 таңдаушы қатысады. Олардың көбі Алматы (333), Шығыс Қазақстан (318) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (312) тұрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 896
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2324
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 599
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 582