Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Билік 9602 0 пікір 30 Маусым, 2017 сағат 10:10

«Ұлы Дала елі» атты жыршылар фестивалі өтеді

2017 жылдың 5-шілде күні сағат 16-00-де Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» атты Халықаралық жыршылар фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Аbai.kz ақпараттық порталы.

Құрметті жыр сүйер қауым, Алматы қаласында 5-ші шілде күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» атты Халықаралық жыршылар фестивалі өтеді! Фестивалда танымал жыршылар Берік Жүсіпов, Ақылбек Өтешов бастаған өнер майталмандары және Өзбекстан, Башқұрт, Қырғыз елінен келген өнер иелері өз елдерінің ұлттық мұрасымен сусындатпақ. Қазақ-қырғыз өнерінің тарихи сабақтастығын жаңғыртып жүрген Роза Аманова да дүбірлі кештің құрметті қонағы болмақ.

Өнер кешінде жас жыршылар да халық алдында өнер көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 822
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2182
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 554
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 534