Павлодар монополистері 2011 жыллың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтердің тарифтерін өсіруді жоспарлап отыр
Павлодар. 5 қараша. ҚазТАГ – Павлодар монополистері 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу қуаты мен сумен қамту тарифтерін өсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ, «Павлодар жылу желілері» (ПЖЖ) АҚ және «Энергоцентр» АҚ ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жергілікті департаментіне (ТМРАД)жылу қуатын өндіру, жеткізу және онымен қамтамасыз ету тарифтерін өсіруге өтініш берді. «Павлодар-Водоканал» ЖШС-і де су шаруашылық және кәріз жүйелерінің қызметтеріне тарифтерді қайта қарау туралы өтініш берген. Қазіргі уақытта кәсіпорындар бұқаралық тыңдау процедураларынан өтіп жатыр.
Компаниялар жаңа жылдан бастап тарифтерді көтеру ниеттерін өз шығындарының өсуімен негіздеп отыр. «Павлодарэнерго»АҚ (ТЭЦ-2, ТЭЦ-3иесі) жылу өндірісіне шығындардың көбеюін көмір бағасының қымбаттауы себеп деп отыр.
«Көмір жеткізуші «ЕЫК» АҚ-тың хабарламасына сәйкес, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап көмірдің бір тоннасының бағасы 23%-ға көтеріледі», - деп хабарлады кәсіпорын бұқаралық тыңдауда.
ПЖЖ өз қызметкерлерінің жалақысын көтеру керектігін алға тартты. «Өндірістегі қызметкердің орташа жалақысы облыс бойынша орташа жалақының деңгейінен 32 %-ға аз», - деп мәлім етті «Павлодар жылу желілері» АҚ қаржылық директоры Виктор Матвеев.

«Кәсіпорындардың өтініштеріне сәйкес, тұтынушылар үшін ақырғы тариф 30-40%-ға артуы мүмкін. Алайда біз бәрін мұқият қарап, шешім қабылдаймыз да, нақты тариф туралы кейін хабарлаймыз», - деді Павлодар облысы бойынша ТМРАД басшысы Қайырғали Түлендинов.