Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5674 1 пікір 4 Шілде, 2017 сағат 08:18

Үлкендердің өнегесі

Әкем марқұм шебер кісі еді. Шебер емес, бірақ қарап отырмай бірдеңе істеп отыратын. 90-шы жылдары қиындау заман болды ғой. Киетін аяқкиім болмады дегендей. Ол кезде жалаңаяқ футбол ойнайтын ойын баласымыз.

Бір күні комбайнның ременін әкеліп бірдеңе істеп отыр. Бір қарасам ременнен аяқкиім тігіп қойыпты. Анау енді мықты аяқкиім. Допты да тептім, тасты да тептім сонымен. Қыста хоккей ойнаймыз ғой. Ол кезде қайбір жөнді хоккейдің таяғы бар дейсің. Талдан істеп алып, ойнай беретінбіз.

Бір күні үлкен жиде ағашын әкеліп, 2 күн шапқылады, 2 күн әуреленіп маған хоккейдің таяғын істеп жатыр екен ғой. Жиде ағашы қатты болады, сынбайды. Сол таяқпен 2-3 жыл ойнадым ғой. Шайба қып ойнайтын жылқының тезегі мен ұрғанда үгітіліп кететін.

Ұйықтап жатқанда үстіміз ашылып қалса жауып жүретін. Әкелігі сезіліп тұратын. "Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің дегендей" әкеме аумай тартқанымды байқап жүрмін. Сондай әкелердің тәрбиесін көрдік. Көргенімізді істейміз ғой.

Менің де әкелік сезімім күшті сияқты. Балаларым болса жоқ-жітігін түгендеп ойыншық істеуден жалықпас едім. Әттең қыздар тимей жүр ғой.

Әкемнің тағы бір әдеті киімге қызықпайтын. Совхоз кезінде миллиондап тапса да киінбепті. Бір костюм алып, 30 жыл киіпті. Киім ілмейтін әдеті бар еді. Өзі киім ілгіш істейді, шешінгенде киімдерін киімілгіштің түбіне әкеп үйіп қоятын. Өзің киімілгіштің қасына шешінесің, неге іле салмайсың, ендеше неге істедің деп шешем сөйлеп жататын. Әмиян ұстап көрмеген дейді. Қанша ақшасы болса да қалтасына сала салатын. Мен де әмиян ұстап көрмегенмін. Киімге де қызықпаймын.

Көргенімізді істейтін екінші оқиға айтайын. Бір танысым бар. 15 жастай үлкен. Кеңес үкіметі кезінде қатырғанмын дейді. Артынан сұрастырсам бітірген түгі жоқ екен. Бір фермада есепші болып арақ ішіп қойшылардың айлығын жоғалтқан екен. Үлгі алатын ештеңесі жоқ. Солардан көргенімізді істеп арақ іштік қой. Солар арақ ішпеуі керек еді. Сонда біз де ішпейтін едік. Мықты ішкенмін деп мақтанады. Сол да мақтанатын нәрсе ме?. Үлкендер үлгі болуы керек қой. Жастар көргенін істейді. Сондайлар жастарға көше бұзақысы болуды ғана үйретіпті. Бар өнегелері сол. Әрең арылдым, сондайлардың өнегесінен.

Дәулет Серікбай

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373