Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Дабыл 4822 5 пікір 25 Шілде, 2017 сағат 09:32

Назарбаев ланкестердің жолын кесуге шақырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев күш құрылымдарын елде қоғамдық тұрақсыздық орнатуға талпынушылардың жолын кесуге шақырды. Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиында осылай деп мәлімдеді.

"Жаңа геосаяси жағдай бізді үнемі сақ отыруға мәжбүрледі. Біздің елімізге және ұлттық қауіпсіздікке халықаралық діни-экстермистік ұйымдар дайындаған радикалдық топтар қауіп төндірді", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, осындай зұлымдықпен күресті қазақстандық қоғам қолдаған. "Бұл бізге деген сенімді білдіреді", - деп түйіндеді Назарбаев.

Дегенмен сыншылар Қазақстан билігінің елде қауіпсіздік орнатуға талпынысы кезінде адам құқықтары өрескел бұзылып, БАҚ еркіндігі шектелді дейді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061