Жұма, 27 Қаңтар 2023
Бәсе... 3498 1 пікір 18 Шілде, 2017 сағат 12:21

Қандасымыз тәркіленген 40 мың долларын қайтарып алатын болды

Қытайдан келген қазақ әйел Гүлжан Мәуітхан кеден бекетінде тәркіленген 40 мың долларын қайтарып алатын болды, - деп хабарлайды Abai.kz ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 4 сәуірде Гүлжан Мәуітхан Қытайдан Қазақстанға репатриант ретінде келіп, Майқапшағай кеден бекетінде тоқтатылған. Әйелдің алып келген 40 мың доллары тіркелмеген.

Кейін Мәуітхан бұл қаражаттың қайдан шыққанын Қытайдағы үйін сатқанда алып, Астанадан үй алғысы келгендігімен түсіндірген. Әйел ақшалай қаражатты шекарадан өткізу ережесін білмеген. Салдарынан "Экономикалық контрабанда" бабы бойынша соталды тергеу басталған.

Зайсан аудандық соты Мәуітханды кінәлі деп танып, 40 мың доллар қаражатын мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарған. Апелляциялық инстацияда сот өндірісінің тілі туралы норма бұзылғандықтан бұл шешімнің күші жойылған.

"ШҚО прокуратурасы бұл істің мән-жайын түбегейлі зерттеді. Бақылау органы Мәуітханның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деген қорытындығы келді. Мұндай шешім Мәуітханның ҚХР-дан жасырын ақша шығарғысы келмегендігінен қабылданды. Әйелдің мақсаты - отанға оралу. Мәуітхан көп уақыт бойы ақша жинап, бар мүлкін сатып, оралман статусын алған, ал шекарадан өткен кезде экономикалық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, ақшасы тәркіленген. Бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту әділдік принципіне жатпайды", - деді облыс прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Гүлжан Мәуітханның жағдайын Abai.kz ақпараттық порталы бірнеше рет жазған болатын (ШЕКАРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАНДАСТАРДЫҢ ҚАЛТАСЫН ҚАҒУДЫ ҚАШАН ТОҚТАТАДЫ, САҒЫНТАЕВ МЫРЗА! Шекарада тоналған жесір ананың ақшасы қайтқан жоқ, Әділбек Мұқташұлы: Үстімізден қылмыстық іс қозғалып жатыр).

Кейуананың жанайқайын қалың жұртшылыққа жеткізудегі мақсатымыз орындалғанына қуаныштымыз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Анық-қанығы

Жақиянов: Маған ашық жала жабуға кірісті...

Ғалымжан Жақиянов 3048
Адасқандар

Мобилизация: Келімсектердің сенері - «дядя Вова!»

Жайберген Болатов 2195
Айқай

Елде ұлттық идеология өте әлсіз...

Бейсенғазы Ұлықбек 1872