Сенбі, 24 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3933 0 пікір 20 Шілде, 2017 сағат 08:18

Түркіменстанда жоғары оқу орындары ақылы бола бастады

Түркіменстанның жоғары оқу орындарына құжаттарын тапсырған талапкерлер білім алудың бұдан былай ақылы болатынын білген.

Ашхабад тұрғыны Сердардың айтуынша, Жалпы шаруашылық институтына құжат тапсырып жатқан кезде, оқудың ақылы болатынын ескерткен. Сол себептен Сердар амалсыздан оқудан бас тартқанын айтады.

Түркіменстанның бірнеше оқу орындары биылдан бастап, ақылы жүйеге көшкен.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов өткен жылы оқудың ақылы болуын ескерткен. Ол жоғары деңгейдегі білікті мамандарды оқыту үшін, ақылы оқуға көшкен абзал деп атап өткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2843
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4572