Жарайсыңдар, «Шапалақ» жайдарман тобы!
Алматы облысының құрамасы «Шапалақ» жайдарман тобы «Жастар» Республикалық фестивалінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Алматы облысының құрамасы «Шапалақ» жайдарман тобының құрылғанына биыл 5 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында топтың құрамы бірнеше рет ауысқанмен көрсеткен нәтижелері өте көп. Мәселен, 2016 жылы Алматы қаласында өткен бірінші лигада 2 рет финалға шығып, ағымдағы жылдың маусым айында Республикалық деңгейдегі Павлодар облысы әкімінің кубогы Жайдарман ойынында І орын және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кубогы Жайдарман ойынында ІІІ орынды иеленді.
«Жалпы «Шапалақ» жайдарман тобының басқа құрамалардан басты ерекшелігі кез келген ойында ән шырқамай, би билемей тек саяси әзілдермен жеткізеді. Оны халық та, әділ қазылар да жақсы түсінінеді. КТК ойындары әр түрлі аудан немесе қалаларда болғандықтан «Шапалақ» тобы сол жердің өзекті мәселелерін алға тарта отырып халықты күлдірте біледі және бір ойналған әзілді екінші рет шығармайды», - деді «Шапалақ» жайдарман тобының жетекшісі Әділбек Алтайұлы.
Баспасөзге қатысушылар «Шапалақ» жайдарман тобына күзде өтетін Жетісу аймақтық лигасы Жайдарманшылар ойындарына сәттілік тілесті.
Abai.kz