Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6418 3 пікір 24 Шілде, 2017 сағат 09:34

Орыс тілінен құтылсақ қана еліміз алға жылжиды

Бізде мына саясаттың да, бизнестің де, мәдениеттің де, басқаның да оңбай тұрғаны - біз орыстілді елміз, Ресейден не көрсек, соны өзімізде көшіріп баса береміз. Сондықтан біз барлық салада еркін ойлы, жан-жағына жалтақтамайтын ағылшынша білетін менеджерлер дайындаған кезде ғана еліміз алға жылжи бастайды.

Кім мысалы осында, ағылшынша басылымдарды қарайды? Кім ағылшынша әдебиеттер оқып жүр, халықтың 1-2% ғана шығар. 70-80% ақпарат орыс тілінен қазақ тіліне аударылады, біздегі журналистердің 80% ағылшынша білмейді, Қазақстанда магистратураға ағылшын тілінен 1000 доллармен өтеді. Ешкім ағылшыншаның не үшін қажет екенін ұғып жатқан жоқ, әлемдік ақпараттық соғыс ағылшын тілінде жүріп жатыр. Туиттер деген тым жақсы микроблоггиң бар еді, сонда нағыз ақпараттық соғыс жүріп жатыр еді, оны құртып алдық, себебі бізде трендсеттер орта шоу-бизнесте, олар Инстаграмға көшті, Туиттер қаңырап қала берді.

Бүйтейік, кім ағылшыншасын жетілдіргісі, ағылшынша орта қалыптастыруға атсалысқысы келеді, бірге ағылшынша жазбаларды көбейтейік, қазақтардың кішкене болсын көзін ашайық. Бұнымен ағылшын болып кете қоймаспыз, бәрібір өз тілімізге басымдық береміз, ана тілді дамытамыз, ал ағылшын тілі әлемдік білімге жол ашады.

Нұрлан Жанай

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407