Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2332 0 пікір 10 Қараша, 2010 сағат 05:25

Нұра Матай. Батька байқамай айтты ма? Әлде... (ВИДЕО)

Көңіл-күйі келмесе, Кремльмен кіржіңдесіп, Ресей президенті Дмитрий Медведов пен прьемер-министр Владимир Путинмен сөзге келіп  қала беретін Белоруссия президенті Александар Лукашенко Польша БАҚ-ына берген сұхбатында: «Қазақстан демократияның шырағы! Қанша отырғым келеді - сонша отырамын» деген ойын айта келіп, әй-шәй жоқ, ойламаған жерден Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты билікті озбырлықпен басып алып отыр деп айыптай сөйлегені туралы хабарды ресейлік newsland.ru сайты жариялаған.

Сұхбат барысында  Александр Лукашенкоға бағытталып «өзге елдер де 15 жыл бойы бір адам президент болып отыра беру мүмкін емес» деп айтылған сөзге Белоруссия президенті: «Ол сіздердің мәселелеріңіз. Бізде бәрі мүмкін. Ресейде де бәрі мүмкін»  деген жауап айтқан.

Ал, осыдан үш жылдай бұрын Алексанлр Лукашенко  ресейлік «Завтра» газетінің бас редакторы Александр Прохановқа берген сұхбатында: «Бүгін де Қазақстан барлық табиғи байлығын трансұлттық компанияларға беріп қойған. Соның ішіне американдық компанияларға. Орыстарды біржола ығыстырды. Онда ресейлік компанияларға істейтін ешнәрсе қалған жоқ. Қалай олармен қосылмақсыздар? Және олар Қытайға құбырлар тартып жатыр. Ал, Қытай кез келген көлемдегі көмірсутек шикізатын жұтып қоюға дайын. ... Сіздер Қазақстанды қалайша тартпақсыздар? Қазақстан тәуелсіз саясат жүргізіп келеді және өзін аймақтық көшбасшы ретінде көрсетуде» деп айтқан.

Біресе Ресейге ақыл айтып, арасында Крмельмен сөзге келіп, жүз шайысып жүретін енді міне, Қазақстан президенті туралы көсіліп әңгіме айтқан Белоруссия президенті ақыры кедендік одаққа ену арқылы өзі сөз қылған әріптестерімен тағы тоқайласып отырғаны белгілі.

Белоруссия президенті кейде байқамай айтып қала ма әлде шынымен солай ойлай ма екен, кім білсін...

;hl=ru_RU&color1=0xcc2550&color2=0xe87a9f" />;hl=ru_RU&color1=0xcc2550&color2=0xe87a9f" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="480" height="385">

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5673