Жексенбі, 11 Мамыр 2025
4307 1 пікір 25 Шілде, 2017 сағат 09:55

Ресей әскері Сириядағы деэскалация аймағында жұмысын бастады

Ресейдің әскери полициясы Сирияның Дамаск провинциясы Шығыс Гута ауданында жұмысқа кірісті деп хабарлайды РФ қорғаныс министрлігі.

Ресей әскерилері екі бақылау-өткізу бекеті мен төрт байқау аймағын ашқан. Қорғаныс министрлігі бұл шаралар бітім режимін қолдауға, гуманитарлық жүк өткізуге және босқындардың үйлеріне оралуына көмектеседі дейді.

9 шілдеде Сирияның оңтүстік-батысында – Дераа, Әл-Кунейтр және Сувейдте Ресей АҚШ және Иордания келіссөздері бойынша бітім орнаған.

Сирияда төрт қауіпсіздік аймағын құру туралы келісімге мамыр айында Астанада қол жеткізген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2076
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3372