"РусГидро" қырғыз президентінің айыптауларына жауап берді
Қырғызстандағы "РусГидро" ашық акционерлік қоғамы 25 шілдеде Жоғарғы Нарын сарқырамасындағы ГЭС құрылысы төңірегіндегі жанжалға қатысты мәлімдеме жасады. Ол мекеменің ресми сайтында жарық көрді.
Компания Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Өндіріс, энергетика және жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Дуйшенбек Зилалиев тарапынан жасалынатын жүйелі түрдегі сыни мәлімдемеге жол берілмейді деп атап өткен.
Жоғарғы Нарында ГЭС құрылысын тоқтатамыз деп мәлімдеген емес деген "РусГидро" қырғыз әріптестерінің айыптаулары негізсіз дейді.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 24 шілдеде баспасөз мәслихатын өткізіп, Ресей президенті де, ресейлік компания да Жоғарғы Нарын сарқырамасындағы ГЭС құрылысын аяқтауға және Қамбар атадағы ГЭС құрылысын бастауға ниетті емес екеніне көзім жетті деп мәлімдеген.
Қырғызстан мен Ресей Қамбар ата -1 және Жоғарғы Нарын сарқырамасындағы ГЭС құрылысын салу жөніндегі келісімге 2012 жылы қол жеткізген. Бірақ 2015 жылы құрылыс жұмысы тоқтап қалған соң, Қырғызстан келісімнің күшін жойған. Осыған байланысты қырғыз үкіметі Ресейге 37 млн доллар төлеу керек болған. Бірақ бұл қаржыны Liglass Trading CZ чех компаниясы көтеруге мойындарына алған. Чех компаниясы екі ГЭС-тің құрылысын аяқтау үшін тендер ұтып алған.
Abai.kz