Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1817 0 пікір 12 Қараша, 2010 сағат 10:38

Шорт-тректен ҚР чемпионатында БҚО командасы 1-ші орын алды

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Арсен Бектасов. Шорт-тректен ҚР чемпионатында бірінші жалпыкомандалық орынды Батыс Қазақстан облысының (БҚО) құрамасы иеленді.

«1-ші жалпыкомандалық орынды БҚО командасы алды, 2-ші орынды да БҚО алды, 3-ші орын Қостанай командасына бұйырды», - делінген жарыс ұйымдастырушыларының жұма күні таратқан хабарламасында.

Көпкүресте әйелдер арасында 1-ші орынды Симонова И. (БҚО), 2-ші орынды Мотова К. (БҚО), 3-ші орынды Волокитина Д. (Қостанай) алды.

Ерлер арасындағы көпкүресте 1-ші орынға  Жұмағазиев Н. (БҚО) қол жеткізсе, 2-ші орынға Бекжанов А. (БҚО), 3-ші орынға Нұрмағамбетов А (БҚО шықты).

Шорт-тректен ҚР-дың ашық чемпионатына Қазақстанның барлық облыстарынан біліктілігі І разрядтан төмен емес 70 спортшы және ӘОСК спортшылары қатысты. Қазақстанның шорт-трекқұрамасының негізін Батыс Қазақстан және Қостанай облысының құрамалары құрады.

Бұрын хабарланғандай, бұл жарыс VII  қысқы Азия ойындарының алдындағы тестілік және іріктеу сайыстары ретінде ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жарыста алдағы уақытта халықаралық жарыстарға қатысатын ҚР-дың шорт-трек құрамасына үміткерлер анықталды.

Шорт-трек – хоккей алаңының ішіндегі қашықтықты барынша тез уақытта бағындыруды мақсат ететін конькимен тез жүгіру. Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1992 жылы енгізілді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4135