Жұма, 22 Қараша 2024
5057 0 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 10:14

"ГТА бандасы" ісі бойынша сотта атыс болып, үш адам өлді

"ГТА бандасы" ісі қаралып жатқан Мәскеу облыстық сотында 1 тамызда атыс болды. Ресей Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, бес сотталушы лифтіде екі айдауылға шабуылдаған.

"Сотталушылардың бірі айдауылдың бірін тұншықтыра бастаған.Соның салдарынан сотталушылар босап шығып, айдауылдың қаруларын тартып алған. Олар Ресей ұланының бір қызметкерін иығынан жаралады. Үш сотталушының көзі жойылды, екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті", деп хабарлады Тергеу комитеті.

Хабарларға қарағанда, айдауылдағылар көптеген жарақаттармен ауруханаға жатты.

"РИА Новости" сотталушылардың адвокаттарына сілтеме жасап хабарлауынша, банданың төрт мүшесі өлтірілген.

Еске салайық, "ГТА бандасы" ісін Мәскеу облыстық соты 2016 жылы тамызда қарай бастады. Бұл іс бойынша Орталық Азияның тоғыз тумасына айып тағылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329