Жұма, 29 Наурыз 2024
3805 0 пікір 3 Тамыз, 2017 сағат 11:56

Әли Феруз сотта өзіне қол салуға талпынды

Ресей соты елден шығарылады деген үкім қабылдаған "Новая газета" тілшісі Әли Феруз өз-өзіне қол салуға талпынған. Бұл туралы "Новая газета" журналистің адвокаты Даниил Хаймовичке сілтеме жасап хабарлады.

Адвокаттың сөзіне қарағанда, Феруз сот кеңсесінде үкім көшірмесін күтіп тұрған уақытта өзіне қол салуға тырысқан. Оны сот қызметкерлері тоқтатып, Сахаровтағы арнайы бөлімге жеткізген. Журналист бұл әрекетін "Өзбекстанға оралғанша өлген артық" деп қана түсіндірген.

Сейсенбі күні Мәскеудің Басман соты Ферузды Ресейден көшіруге және оған бес мың рубль айыппұл салуға шешім шығарды. Журналист сот шешіміне шағымдана алады.

Журналисті сейсенбі күні ұстаған. Одан бір күн бқрын Феруз саяси баспана беруден бас тартқан үкімге шағымданған еді.

Сегіз жыл бұрын журналист Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болған, өйткені жергілікті арнайы қызмет оны өздері үшін жұмыс істеуге үгіттеген. Феруздың айтуынша, арнайы қызметтегілер оны екі күн бойы қинап, оның жүкті әйелін өлтіреміз деп қорқытқан. Содан кейін ол елден қашып кетті. Маусым айында журналист ресейлік биліктен баспана ала алмағанын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563