Сенбі, 23 Қараша 2024
4363 1 пікір 3 Тамыз, 2017 сағат 12:00

Астана соты "әуежайда діни әдебиет сатқаны үшін" айыппұл салды

Көліктегі прокуратура сотпен Астана әуежайындағы діни әдебиеттер сататын орынды жаптырды деп хабарлайды бүгін көліктегі ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған Абай-ақпарат. Департамент ақпаратына қарағанда, әуежайдағы кітап бутиктерінің бірінде "діни мазмұндағы кітаптар сатылатыны анықталған".

"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңға сай, діни әдебиеттер мен діни заттарды культтік мекемелерде, діни білім беру ұйымдарында және жергілікті атқарушы органдар бөлген арнайы орындарда ғана сатуға болады.

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты сауда орнының иесін діни әдебиеттерді тарату туралы заң талабын бұзды деп айыптап, 200 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 453 мың теңге) көлемінде айыппұл салып, "Бизнес-литература" сауда орнының қызметін уақытша тоқтатқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338