Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Көршінің көлеңкесі 6992 24 пікір 4 Тамыз, 2017 сағат 11:53

Ресей де санкция жариялады: Саяжайға кіруге рұқсат жоқ!

 

Ресей де өз әлінше АҚШ-қа қарсы санкция жариялап жатыр. Өйткені АҚШ президенті Дональт Трамп тамыздың 2-сі күні РФ-ға, Иранға, Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы жарлыққа қолып қойып жіберген болатын. Соның қарымтасы ретінде Крмель де қарманып, қарсы қарекет жасап, АҚШ дипломаттарының Мәскеудегі «Серебряный Бор» саяжайына  кіруіне тиым салды. Бұнымен қоса, Кремль АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі мен Санкт-Петербордағы Бас консулдығында қызмет ететін қарасы 755 қызметкерді қыркүйектің 1-іне дейін еліне қайтармақ.

Осы турасында орыс басылымдары: «АҚШ елшілігінің дипломатиялық қызметінде жүрген мамандар енді қайтып «Серебряный Бор» саяжайына кіре алмайды. Бұл саяжай екі ел арасындағы саяси салқындықты тоқтатып, тараптардың табысуына сеп болып келіп еді. Бұл саябақта тіресіп, сіресіп басталған талай әңгіменің соңы жаймашуақтанып бітетін. Өкпе-реніштің бәрі ұмытылатын, бірақ, барбекю-пати есте қалатын», - деп жазуда.

«Серебряный Бор»...бұл атаудың қайдан шыққанын орыстардың өздері де білмейді.  Бірақ, әйтеуір, тойғанша ішіп, тойғанша жеп, соңынан домалап жата кетуге ыңғайлы, салқын сабатқа көмілген тоғай іші – жанның рахаты. Сол тоғайдың алаңқайларында демалатын үйлер салынып, бір кезде бұнда «Правда» мен  «Московский Комсомолец» газетінің тілшілері, Мәскеудегі Үлкен театрдың қызметкерлері сайранды салған көрінеді.  Кейін Аргентина, Ливан елінің елшілік қызметкерлері, СОКП ОК-нің адамдары саяжай етіп тұра бастаған. Сол саябақтың сықпыты мынау:

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2047